«Биология» кафедрасы | ![]()
08.12.2023
Жаратылыстану және география институты №178 лицейде дидактикалық материалдар көрмесін өткізді 2023 жылдың 7 желтоқсанында Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицейде Абай университеті Жаратылыстану және география институтының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен дидактикалық материалдар көрмесі өтті.
Іс-шараға институт директоры Куләш Каймулдинова, «Мансап» орталығының жетекшісі Сауле Калибекова, институттың профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, лицей ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Студенттер LED экраннан педагогикалық іс-тәжірибе барысында өткен ашық сабақтарының үзінділерін, әр мектепте ұйымдастырған көрмелерінің бейнежазбаларын, STEM технология материалдарын және дидактикалық материалдар топтамаларын «ЖГИ практика сайты» парақтарынан көрсетті. Бұған қоса 4 курс білім алушылары оқу үрдісіне қолдан жасаған әртүрлі дидактикалық материалдар топтамасын көрмеге ұсынды. Көрмеге студенттер мен мектеп оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Көрме жоғары деңгейде өтіп, білім алушылар өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында 4 курс білім алушылары мен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|