қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2024

Студенттер мен әдіскерлерге арналған бірлескен оқу-әдістемелік семинары


2024 жылдың 25 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті биология кафедрасының әдіскерлері: Н.А.Бекенова, Г.А.Абдикаримова, Г.С.Камиева және «№178 мамандандырылған лицей» КММ биология пәні мұғалімі М.Т.Алипова бірлескен оқу-әдістемелік семинарын өткізді.

 

Семинар барысында М.Т.Алипова мектептегі жалпы жұмыстар туралы айтып, оқушылармен жүргізілетін іс-шараларды жасауға жаңа идеялар, бағыт-бағдар берді. Оқытушылар сондай-ақ кафедраның, мектептегі әдістемелік кабинеттің жағдайына тоқталып, жасалынған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

 

Сонымен қатар 3-курс «6В01522-Биология-География» студенттеріне педагогикалық практиканы өткізуге байланысты түсіндірме материалдары берілді. Оқу-әдістемелік семинар барысында студенттер ҚМЖ, бағалауға байланысты ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып пікір алмасты.

 

  alt=  

 




Кері оралу