қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2024

Абай университетінің тағы бір студенті Coursera курстарын сәтті аяқтады

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті биология кафедрасы «7М01513 - Биология» мамандығының 1 курс магистранты Тлеулес Тахатбек COURSERA QAZAQSTAN ұйымы ұсынған «Стратегиялық көшбасшылық және менеджмент» мамандығын аяқтады. Мамандық дипломын кафедра меңгерушісі, PhD доктор, аға оқытушы Асия Майматаева табыстады.


COURSERA QAZAQSTAN - қазақстандық студенттер мен мамандарға әлемдік деңгейдегі онлайн курстарды қазақ тілінде ұсынуға бағытталған платформа. Ғылым және жоғары білім министрлігі COURSESRA QAZAQSTAN жобасына қолдау көрсетіп, қазақстандықтар үшін шетелдік озық білім беру ресурстарына кеңінен қол жеткізуге қолайлы жағдай жасауда. Осы мүмкіндік арқасында Абай университетінің студенттері де COURSESRA QAZAQSTAN жобасын тиімді қолданып, халықаралық деңгейдегі білім беру ресурстарына қол жеткізді.


Тлеулес Тахатбек «Стратегиялық көшбасшылық және менеджмент» мамандығы аясында «Ұйымды басқару», «Ұйымды жобалау», «Корпоративтік стратегия», «Стратегиялық көшбасшылық және басқару Capstone», «Жетекші топтар: Көшбасшы ретінде даму», «Жетекші командалар: Тиімді команда мәдениетін құру», «Іскерлік стратегия» курстарын қамтыды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу