қазақша · русский · english
 
 
 
17.01.2025

4-курс білім алушыларының өндірістік іс-тәжірибесі

 

2025 жылдың 16 қаңтарында Жаратылыстану және география факультетінің 4 курс, 6В05101-«Биология», 6В05203-«География», 6В05202-«Экология» білім бағдарламаларының білім алушыларына арналған өндірістік іс-тәжірибенің бағыт беру конференциясы өтті.

 

Тәжірибе жетекшілері Г.М.Сабденалиева, Г.К.Ташенова, Ш.С.Шыныбекова білім алушыларға теориялық білімдерін жетілдіруге және бекітуге бағытталған іс-тәжірибенің басталуымен құттықтады. Білім алушылардың тәжірибе барысында кәсіби қалыптасып, бәсекеге қабілетті маман болатындарына сенім білдірді.

 

Конференцияда практикаға жауапты Г.С.Камиева білім алушыларға өндірістік тәжірибе нысанын, жетекшілерін таныстырды және тәжірибе құжаттарын рәсімдеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Конференция барысында білім алушылар өздерін толғандыратын сұрақтарына жауап алды.

 

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу