«Биология» кафедрасы | ![]()
17.02.2025
Биоалуантүрлілікті сақтау және олардың жойылып кетуінің алдын алу 2025 жылдың 14 ақпанында педагогикалық практика аясында тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ-15) сәйкес «Биоалуантүрлілікті сақтау және олардың жойылып кетуінің алдын алу» атты тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараны педагогика және менеджмент кафедрасының п.ғ.к., доценті Б.И. Иманбекова, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор А.С. Нурмаханованың жетекшілігімен «Геоботаника» мамандығының 1-курс докторанттары - Жасұлан Қойлыбаев, Айтолқын Муратбаева, Мұратжан Мәсімжан және «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығының 1-курс докторанттары - Нұрлан Самбаев, Аңсар Сатбек бірлесіп ұйымдастырды. Тәрбие сағаты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет базасында өткізіліп, оған ҚазҰУ докторанттары, қызметкерлері мен студенттері белсене қатысты.
Тәрбие сағатында: «Биоалуантүрліліктің адамзат үшін маңызы», «Биоалуантүрліліктің жойылуына әсер ететін факторлар», «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыптары қамтылды.
«Тұрақты даму мүддесін қолдау» атты бүгінгі күннің аса өзекті мәселелері екі университет білім алушылары арасында қызу талқыланып, ұтымды ұсыныстар жасалды. Іс-шара соңында ҚазҰПУ-нің білікті мамандары кафедра меңгерушісі, А.Д. Майматаева PhD, аға оқытушы және А.А.Талдыбай PhD, оқытушы, биоалуантүрлілікті сақтаудың қазіргі инновациялық жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар ұйымдастырушыларға табиғатымыздағы тепе-теңдікті сақтау және биоалуантүрліліктің жойылып кетуінің алдын алуға қосқан үлесі мен студенттердің белсенділігі үшін алғыстарын білдірді. Іс-шара қатысушылардың табиғатымызды қорғауға, биоалуантүрлілікті сақтауға үлес қосу әркімнің азаматтық борышы деген маңызды қорытынды жасаумен аяқталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|