«Биология» кафедрасы | ![]()
07.04.2025
ҚазҰПУ студенттері азаматтық ғылыммен танысты 2025 жылдың 4 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) мен Жаратылыстану және география институтының бірлесуімен 6В01513 - Биология білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Азаматтық ғылым» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Іс-шараны қауымдастырылған профессор Мұрат Жақсыбаев, аға оқытушы және магистр Дана Сексенова, магистр Сымбат Ибадулла ұйымдастырды.
Сабақ барысында ҚБСҚ жетекші маманы Эльмира Мұстафина азаматтық ғылым ұғымы, оның тарихы және еріктілердің ғылыми жобаларға қатысуының нақты мысалдары туралы мазмұнды дәріс оқыды. Ал ҚБСҚ мүшесі, жас ғалым Ислам Ғалымжанов жабайы аралар биоалуантүрлілігі және студенттердің осы саладағы зерттеулерге ерікті ретінде қалай үлес қоса алатыны жайлы тың ақпаратпен бөлісті.
Студенттер болашақ биология мұғалімдері ретінде ғылыми еріктілік тәжірибесін меңгеріп, мектеп оқушыларын осы процеске қалай тартуға болатынын талқылады. Сабақ соңында қатысушылар шағын командаларда жобалар әзірлеп, оларды көпшілікке таныстырды.
Әр студентке табиғатты бақылауға арналған "Далалық күнделік" табысталды. Ашық сабақ ҚБСҚ-ның "Students for Nature" жобасы аясында өткізілді. Жоба мақсаты - Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен әріптестік орната отырып, табиғатты қорғау саласының болашақ мамандарын даярлау.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|