«Биология» кафедрасы | ![]()
18.04.2025
«Жалпы білім беретін орта мектептегі білім алушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру» халықаралық конференциясы
14.04.2025 жылы «Ғылым декадасы-2025» аясында Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласындағы Ж. Жабаев атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектебі КММ-де ЖОО мен мектеп арасындағы байланыс барысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Биология кафедрасының оқытушылары Аубакир Айдана Ганиқызы мен Ибадулла Сымбат Нұрланқызының ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін орта мектептегі білім алушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында халықаралық конференция болып өтті. Конференцияның басында Ж. Жабаев атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәні мұғалімдері Ходжаназарова Багыйла және Султанбаева Альбина Маратовна «Биологиялық скрининг» тақырыбында оқушылармен шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Конференцияға кафедамыздың педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жумагулова Қалампыр Абжаппаровна, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Демеуова Лязат Нурмахановна және кафедра оқытушылары Ибадулла Сымбат Нұрланқызы, Аубакир Айдана Ганиқызы және Ж. Жабаев атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектебі КММ биология пәнінің мұғалімі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс магистранты Азатқызы Сая қатысып, өзекті тақырыптарға баяндама оқыды. Сонымен қатар, Дағыстан Республикасының Р.Гамзатов атындағы ДМПУ-нің биология ғылымдарының кандидаты, доцент Разаханова Венера Пирмагомедовна, Өзбекстан Республикасының Ферғана университетінің доценті Уринова Озодахон Улжаевна және Алфраганус университетінің доценті Раимова Гули Мадмурадовна да баяндамаларын оқыды. Халықаралық конференцияға Талғар ауданының биология пәнінің 60 мұғалімі қатысушы болды. Халықаралық конференция барысында мектеп және ЖОО-дағы білім беру процессіндегі цифрлық сауаттылықты қалыптастыру жайында өзекті мәселелер қозғалды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|