«Биология» кафедрасы | ![]()
28.04.2025
«Білім беру үдерісіне заманауи әдістер (Электронды оқулық, STEM, ЖИ)» тақырыбындағы тәжірибе алмасу семинары
2025 жылдың 23 сәуірінде Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, №59 мектеп-гимназия ғылыми-жаратылыстану кафедрасы мен бастауыш пәндер бірлестігінің 01.04.-30.04.2025 аралығында өткізілген «Ғылым барлық дүниенің алтын алқасы» тақырыбындағы айлық аясында ЖОО мен мектеп арасындағы байланыс барысында №59 мектеп-гимназия Ғылыми-жаратылыстану кафедрасы жетекшілері: Ибраимова Бакыт Тасболатовна, Орайханова Анар Темирхановна және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Биология кафедрасының PhD, аға оқытушысы Саимова Рита Ургенчбаевнаның ұйымдастыруымен «Білім беру үдерісіне заманауи әдістер (Электронды оқулық, STEM, ЖИ)» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары болып өтті.
Тәжірибелік семинарда кафедрамыздың биология ғылымдарының кандидаты, доцент Батырова Комус Ислямовна сабақ үдерісінде пайдаланатын авторлық электронды оқулықтары: «Омыртқасыздар зоологиясы», «Омыртқалылар зоологиясынан атласы» және Турбо сайт арқылы жасалған электронды құралдардың тиімді жақтары туралы; педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Демеуова Лязат Нурмахановна оқу үдерісінде пайдаланатын STEM әдісі туралы; PhD, аға оқытушысы Саимова Рита Ургенчбаевна сабақ үдерісінде жаңашыл ұстаз болуда жасанды инттелект қолданудың қыр-сырымен бөлісті. 3-курс, химия-биология мамадығы, студенті Ибадулла Мерей, 4-курс, 6В01513-Биология мамандығының студенті Аблай Аружан осы тақырыпта баяндама жасады. Тәжірибелік семинарға №59 мектеп-гимназиясының 40 - жуық мұғалімдері қатысты. Семинар барысында мектеп және ЖОО-да білім беру үдерісінде замануи әдістермен техналогияларды меңгеру, жасанды инттелект қолдану қазіргі заман талабы екені талқыланды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|