қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2025

ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада

 

2025 жылғы 24-25 сәуірде «6В015-Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті биология кафедрасының ұйымдастырумен өткізілді.


Олимпиаданың негізгі мақсаты - «6B015 - Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша бойынша білім алушы дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтап, қолдау және тұлғалық интеллектуалдық капиталын қалыптастыруға ықпал ету. Жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатысуын ынталандыру.


Олимпиадаға Қазақстанның 19 жоғары оқу орындарынан 38 студенттері қатысты. Ашылу салтанатында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Жаратылыстану және география факультетінің деканы Күләш Каймулдинова және биология кафедрасының меңгерушісі Асия Майматаева құттықтау сөз сөйледі. Олимпиада дәстүрлі түрде екі кезеңнен тұрды: теориялық және практикалық тур (кейс тапсырмалары), эссе.


Олимпиаданың жабылу салтанатында Жаратылыстану және география факультетінің деканы Күләш Каймулдинова команда жетекшілерін алғыс хаттармен марапаттады. Олимпиада жеңімпаздарына дипломдар, сыйлықтар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.


«6В015 -Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының топтары бойынша олимпиаданың нәтижелері:


Жеке қатысушылар арасында жүлделі орындарды иеленген студенттер:

I дәрежелі диплом: Шәймерден Нұрғали Төрәліұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті, жетекшісі қауымдастырылған профессор Исаев Ғани Исаұлы.


II дәрежелі диплом: Асан Арсен Ғалымжанұлы, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, жетекшісі доцент Жаппарбергенова Эльмира Бегимбаевна.


II дәрежелі диплом: Сапарбаев Адилет Байрамович, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, жетекшісі PhD Мукашева Данагүл Мадияровна.


III дәрежелі диплом: Сәбитова Ақбота Бахытбекқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, жетекшісі биология ғылымдарының кандидаты Дурмекбаева Шынар Нурлыбековна.


III дәрежелі диплом: Мәлік Дильназ Ерланқызы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, жетекшісі жетекшісі аға оқытушы Кажымуратова Жаннат Санкибаевна.


III дәрежелі диплом: Асанова Алсу Сакенқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, жетекшісі қауымдастырылған профессор Батаева Дариға Серікқызы.


Командалық есеп бойынша жүлделі орындарды иеленген оқу орындары:

I дәрежелі диплом: Акылбекова Анель Акылбекқызы, Құмарбекова Аружан Ерболқызы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, жетекшісі сениор лектор Карменова Багдат Казретовна.


II дәрежелі диплом: Кесперова Нурлыайым Медетовна, Қазханова Аружан Нұрдәулетқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, жетекшісі аға оқытушы Джунусова Раушан Жексенбаевна.


II дәрежелі диплом: Марат Айкөркем Жасұланқызы, Өмірбек Ақбота Русланқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, профессор Ибадуллаева Салтанат Жарылкасыновна.


III дәрежелі диплом: Ли Максим Сергеевич, Серікпай Мұхаммедали Дәулетұлы, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, жетекшісі доцент Асылбекова Гулмира Ермукановна.


III дәрежелі диплом: Еденова Айжан Мұханбетәлиқызы, Қалдығұлов Айбар Қалдығұлұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, жетекшісі аға оқытушы Бақытжанқызы Бақшагүлі.


III дәрежелі диплом: Қадыр Гауһар Асқарқызы, Дауренбекова Анель Жомартқызы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, аға оқытушы Султанаев Ердос Бахытович.

 

Өздерінің жеңіске деген құлшынысымен ерекше көзге түскен командалар номинациялар бойынша марапатталды:

«Ең белсенді команда»: Ағытаева Айнұр Айтқожақызы, Ерханова Ақгүл Бағдатқызы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, жетекшісі аға оқытушы Амиров Марал Сапабекович.

«Ең креативті команда»: Мукамбаев Тимур Даулетович, Морозова Юлия Егоровна, Халықаралық Астана университеті, жетекшісі оқытушы Лихобабин Захар Валерьевич.

«Abai university көзайымы»: Қуанышева Айдана Айдосқызы, Реймова Айсана Мұратбайқызы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, жетекшісі қауымдастырылған профессор Турлыбекова Гульжазира Кантарбаевна.

«Интеллект шамшырағы»: Мереке Камила, Филатова Яна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, жетекшісі аға оқытушы Аманжолов Рустам Адилевич.

«Білім мен идеяның синтезі»: Заиров Райымбек Асанұлы, Жолдасова Гүлназ Мұратқызы жетекшісі қауымдастырылған профессор Сагиндыкова Эльвира Умировна.

«Технология және талант»: Сейілбек Ақбота Айбекқызы, Файзулина Аяжан Ануарбековна, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, жетекшісі оқытушы Нусупова Айгерим Жасулановна.

«Ғылыми сторителлинг шебері»: Мардан Фатима Қайратқызы, Ермағамбетова Айкөркем Ерболатқызы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, жетекшісі сеньор- лектор Мәден Сәнше Сметқызы.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  





Кері оралу