қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2025

ЖОО мен Зоология ғылыми-зерттеу институты арасындағы байланыс барысында 15 апталық өндірістік практика өткізілгені жайында есеп конференциясы болып өтті

 

28.04.2025 жылы Алматы қаласы, Зоология ғылыми-зерттеу институты мен 6B05101 - Биология мамандығының студенттерімен 13.01.-26.04.2025ж. аралығында жүргізілген өндірістік практика есеп конференциясы өткізілді.

 

Зоология ғылыми-зерттеу институтының зертханаларының жетекшілері: Есенбекова Перизат Абдыкаировна, Бердіқұлов Бекжан Талғатұлы, Лаубертс Эльза Артемовна, Абдыкеримов Жарылкасын Даулетович және тағы да басқалары және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Биология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Асия Дүйсенғалиевна Майматаева, аға оқытушысы Шыныбекова Шолпан Сакановна, Ташенова Гульнара Казкеновна, Құлжанова Дина Қуанышевна ұйымдастыруымен ЖОО мен Зоология ғылыми-зерттеу институты арасындағы байланыс барысында 15 апталық өндірістік практика өткізілгені жайында есеп конференциясы болып өтті. Өндірістік практиканың есебінде студенттер зоология ғылыми-зерттеу институтында атқарған жұмыстарына есеп берді.

 

Алғашқы тәжірибені 20 «қаңтар» - 31 «қаңтар» 2025ж. аралығында Энтомология зертханасының жетекшісі Есенбекова Перизат Абдыкаировна жүргізді. Студенттер морилка және матрасиктер жасаумен айналысып, зертхана жетекшісінің лекцияларын тыңдады. 3 «ақпан» - 7 «ақпан» 2025ж. Аралығында Орнитология зертханасы жетекшісі Бердіқұлов Бекжан Талғатұлы жүргізді. Зертханада жүргізілетін жұмыстар мен оның маңыздылығын түсіндіріп, құстардың миграциясын анықтау жолдарымен таныстырды. 10 «ақпан» - 14 «ақпан» 2025ж. аралығында териология зертханасы жетекшісі Лаубертс Эльза Артемовна өндірістік практиканы жүргізді. Сүтқоректілердің табиғат үшін және әлем үшін маңызын презентация мен сайттардың көмегімен айқын түсіндірді. Сонымен қатар сүтқоректі жануарлардың бас сүйектерін ажырата білу жайында өз тәжірибесімен бөлісті. 17 «ақпан» - 14 «наурыз» 2025ж. аралығында палеозоология зертханасы жетекшісі Абдыкеримов Жарылкасын Даулетович өндірістік практиканы жалғастырды. Көне заманнан келе жатқан жануарлар сүйектерімен таныстырып, оларды реттеу жұмыстарын жүргізді. Кейіннен студенттер өз тамғамдарына байланысты әртүрлі зертханаларда өндірістік тәжірибелерін жалғастырды.

 

Зоология ғылыми-зерттеу институты мен 6B05101 - Биология мамандығының студенттері 13.01.-26.04.2025ж. аралығында жүргізілген өндірістік практика есебін беріп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Биология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Асия Дүйсенғалиевна Майматаева, аға оқытушысы Шыныбекова Шолпан Сакановна, Ташенова Гульнара Казкеновна, Құлжанова Дина Қуанышевна ұйымдастыруымен өткізілген есеп конференциясы аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу