қазақша · русский · english
 
 
 
24.11.2025

 

28 қазанда «Қызықты зоология» - 2025 қалалық мектеп олимпиадасы басталды. Жыл сайын зоологиялық олимпиаданы Алматы зоологиялық саябағында саябақ қызметкерлері (ғылыми-әдістемелік кафедра меңгерушісі А.Н. Рахимова) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылар құрамымен (биология кафедрасының оқытушылары К.И.Батырова, Н.А.Бекенова және Ш.С.Шыныбековалармен) бірлесіп ұйымдастырды және өткізген болатын.

 

Бұл іс-шара оқушылардың шығармашылығы мен ғылыми (зерттеу) қызметке деген қызығушылығын анықтауға және дамытуға, сондай-ақ биологиялық ғылыммен биологиялық білімін насихаттауға бағытталған.

 


 

Биыл «Зоологиялық олимпиада» деп аталатын іс-шара 7-8 сынып оқушылары үшін 2025 жылдың 28-31 қазан аралығында хайуанаттар бағының 87 жылдығына орай өткізілді. Тапсырмалар жиынтығына теориялық және практикалық жаттығулар кірді.

 

31 қазанда аталған іс-шараның нәтижелері шығарылды. Алматы қаласы бойынша қала мектептерінен 80-нен астам оқушы қатысты. Дәстүр бойынша ең белсенділері №4, 166, 66 және басқа мектептер болды. Көптеген оқушылардың пікірінше тапсырмалар өте қызықты және тартымды болды. Олимпиада жеңімпаздарына Бас жүлде дипломдары I, II  және III дәрежелі дипломдар табысталды.

 




Кері оралу