қазақша · русский · english
 
 
 
22.05.2019

CLIL - оқытушыларын даярлау және білім жетілдіру инновациялық орталығының сертификат табыстау рәсімі

 

2019 жылдың 17 мамырында CLIL - оқытушыларын даярлау және білім жетілдіру инновациялық орталығының ұйымдастыруымен тілдік және пән мен тілді оқытудың әдістемелік курстарының қатысушыларына сертификат табыстау рәсімі болып өтті. Сертификат табыстау рәсімінде ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев бұл курстың тілдік және пән мен тілді оқытудың әдістемелік курстары ҚР БжҒМ 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалардың грант иегері болған «CLIL-оқытушыларын даярлау және білім жетілдіру инновациялық орталығы арқылы ҚР Жоғары оқу орындарындағы көптілді білім беруде пәндік-тілдік кіріктіріп оқытуды еңгізу үдерісін жаңғырту» жобасы аясында ұйымдастырылғанын атап, қатысушы профессор - оқытушылар құрамына сертификаттар табыстады.

 

Аталған жобаның ұйымдастырушылары - жетекшісі профессор Танат Аяпова және тренинг жүргізген оқытушылар аға оқытушы Гүлнара Абдрахимова, доцент Зада Кемелбекова, аға оқытушы Бақытгүл Букабаева.

 

Биология кафедрасынан курсты сәтті аяқтап шыққандар Калампыр Жұмағұлова, Дина Құлжанова, Асия Қайнарбаева, Жазира Жарылқасынова, Маржан Башенова болды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу