қазақша · русский · english
 
 
 
31.05.2019

Әріптестері профессор Амантай Сәрсенұлы Кунакбаевты мерейтойымен құттықтады


2019 жылдың 28 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Жаратылыстану және география институтындағы «Биология» кафедрасының профессоры Амантай Сәрсенұлы Кунакбаевтың 70 жасқа толу мерейтойы атап өтілді. Мерейтой иесі Амантай Кунакбаевты достары мен әріптестері мерейтойымен құттықтап, оның өмірі мен кәсіби өмірі жайлы әңгімеледі.

 

Амантай Кунакбаев 1973 жылы Алматы мемлекеттік медициналық унивен бітірген. 1988 жылға дейін Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында клиникалық ординатордан бастап, кіші, аға ғылыми қызметкер дәрежесіне дейін жұмыс істеген. Ал, 1988 жылдан бүгінгі күнге дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушылық қызметін атқарып келеді. Бүгінгі күнге дейін университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. 15 жылдай уақыт университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және басшысы болған. 2003 - 2011 жылдары 13 рет Ұлттық бірыңғай тестілеуде, кешенді тестілеуде, мемлекеттік аралық бақылауда, шетел тілдерін қабылдау бойынша жетекші қызметтерін атқарған. Ұжымда еңбегі сіңген қызметкер ретінде барлық ұжымдастармен өте жақсы қарым - қатынаста.

 

Мерейтойға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов ұстазды мерейтойымен арнайы құттықтап, ректор Такир Балықбаевтың құттықтау сөзін оқып, университеттің «Құрметті қызметкері» медалін тақты. Сонымен қатар, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова да мерейтоймен құттықтай отырып, өзінің ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, мерейтой барысында «Биология» кафедрасының меңгерушісі Мұрат Жақсыбаев, профессорлар Софья Иманкұлова, Жұмаділ Шілдебаев, Нұрлан Ахметов, Бәкір Мансұров, доцент Галия Татаринова, аға оқытушылар Шолпан Шыныбекова, Гульнара Ташенова, Дина Құлжанова және т.б. болып, ұстазбен бірге өткен еңбек жолдарындағы қызықты сәттерімен бөлісті.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу