қазақша · русский · english
 
 
 
03.03.2025

«Қазақстан Республикасында музыка пәні мұғалімін кәсіби даярлаудың қазіргі заманғы талаптары» форумы


2025 жылдың 26 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестік - Жоба басқару тобының (ОӘБ-ЖБТ) жұмысы аясында «014-Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін (педагогтарды) даярлау» (Музыкалық білім секциясы) бағыты бойынша жобалық топтың секциялық мәжілісінің отырысы өтті.


Педагогикалық жоғары оқу орындарының өкілдері Республиканың әртүрлі қалаларынан (Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Семей, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Талдықорған және т.б.) жұмыс берушілер форумына орайластырылған секция жұмысына қатыса алды. Секция модераторы, Жанболат Көшербаев, жоба командасының жетекшісі, философия докторы (PhD), Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, қатысушыларды ОӘБ-ЖБТ бағдарламасымен таныстырып, қатысушыларға сөз берді.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әріптестерінің сөз сөйлеуі болды. Топ спикері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шолпан Кұлманова «Болашақ музыка мұғалімін даярлаудағы оқыту технологиялары мен әдістемелерінің мүмкіндіктерін зерттеу (зерттелуі)» тақырыбында баяндама жасап, болашақ мамандарды кәсіби даярлауда цифрлық құзыреттіліктерді дамыту мәселелерін көтерді.


Алматы қаласы бойынша музыка мұғалімдері қауымдастығының президенті, спикер, Жеңіскүл Маханбетова қатысушыларды қауымдастық жұмысымен және оның педагог кадрларды тәрбиелеудегі рөлімен таныстырды.


Семей қаласының спикерлері, Бақтыгүл Бодауова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті өнер кафедрасы педагогика ғылымдарының кандидаты, Болашақ «500 ғалым» бағдарламасының стипендианты және Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» тәрбие бөлімінің басшысы Айдар Абдухамитов жоба өкілдерін өңірлік мектептер мен жоғары оқу орындарында музыка мұғалімдерінің кәсіби даярлығын қалыптастыру жолындағы заманауи үрдістер мен талаптармен таныстырды.


Жұмыс беруші Қанат Әмірханов, магистр, «Қанат» білім және өнер орталығының директоры туындайтын психологиялық-педагогикалық проблемаларды атап өтіп, жас мамандардың басқару дағдыларын дамытуға аса назар аударды.


Секциялық отырыста музыканы оқытуда қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру мүмкіндігі туралы баяндама тыңдалды. АР23488786 - «Артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені заманауи контентте» ғылыми жобасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор м.а. Лаура Какимова серіктес ЖОО-лар арасында, атап айтқанда Абай университеті (Алматы, Қазақстан) мен Ақдениз университеті (Анталья, Түркия) арасында қос дипломды бағдарламаны әзірлеу мәселесінің теориялық және әдістемелік әзірлемелерін ОӘБ-ЖБТ қауымдастығына таныстырды.


Секциялық отырысқа қатысушылар еркін сұрақтар қойып, оларға «ашық микрофон» айдарына жауап бере алды. Модератордың қорытынды сөзінде секциялық отырыстың қорытындысы шығарылып және жобалық топтың жұмысы аяқталғаннан кейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Оқу-ағарту министрлігіне, жоғары оқу орындарына жіберілген шешімдер қабылданнып жолданды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу