қазақша · русский · english
   
Ғылыми әдістемелік қызмет

1)       Профессорлар мен оқытушылар ішінде «Университеттің үздік оқытушысы» грантын иелеген - жоқ.

2)       Оқытушылар мен қызметкерлердің (штатты) ішінде мемлекеттік, атаулы сыйлықтарға ие болғандар - бар. Ол кафедраның академигі Бейсенова Ә.С. -  ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломын алды. «ҚР атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы» үшін Ғылым мен техника саласындағы ҚР 2013 жылғы мемлекеттік сыйлығы берілді. ҚР Президентінің 2013 ж.29 қазандағы № 679 жарлығы). 2014 жылдың наурыз айында доцент Т.О.Увалиев Жоғары оқу орындары қауымдастығының А.Байтұрсынов атындағы күміс медалімен марапатталды.

3)       Оқытушылар мен қызметкерлердің (штатты) ішінде авторлық патент пен куәлікке ие болғандар - жоқ.

4)       Профессорлар мен оқытушылар құрамында ҚР-ның «үздік маман» атағын алған адам - жоқ.

5)       ҚР БҒМ-мен ғылыми әріптестік негізінде білім және ғылыми бағытта жұмыстар -бар.

А) Білім беру бағытында: Институттың жетекші оқытушылары ҚР БҒМ-мен тығыз байланыста бола отырып,  орта және жоғары білім беру саласына арналған география жаңа буын оқулықтарын және оқу-әдістемелік құралдарын жазды  (проф. К.Д.Каймулдинова, доценттер С.А.Әбілмәжінова, Т.О.Увалиев). Авторлардың еңбегінің арқасында 6-7 және 10-11 кластарға арналған физикалық және экономикалық география оқулықтары қайта басылымнан шықты. ҚР БҒМ-мен тығыз байланыста бола отырып орта және жоғары білім беру саласына арнап физикалық және экономикалық география және Қазақстан табиғатының зеттелу тарихы және Қазақстан экологиясынан жаңа буын оқулықтары жазылды (академик Бейсенова А.С., проф. Ахметов Е.А.). Биылғы оқу жылында Б.Ш.Абдиманаповтың «География природных опасности и рисков» атты бағыттағы оқулығы, хрестоматиясы, оқу құралы жарық көрді. Профессор Е.А.Ахметовтың еңбегінің арқасында 9,11 кластарға арналған географиядан оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық материалдар жарық көрді. Сонымен бірге ЖОО студенттеріне арнап Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясынан оқу құралдары жарық көрді. Профессор Джусупова Д.Б. «Экологиялық биотехнология», «Биотехнология очистки водных экосистем от углеводородного загрязнения» атты оқу құралдары, сонымен қатар, «Биосферадан практикум»  сияқты оқу - әдістемелік құралдары жарық көрді.

ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстары физикалық және әлеуметтік-экономикалық географияны, туризмді дамытудағы география-экологиялық мәселелерді зерттеу негізінде кафедралық және жеке тақырыптары бойынша жүргізіледі. Кафедранын негізгі өзекті ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарына сәйкес 2014 ж. 12-13 мамыр айында кафедрамен «Туризмнің, өлкетанудың және экологияның географиялық проблемалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Ә) Іргелі зерттеулер бағдарламасы:

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты бойынша іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалуда:

- «Эколого-географические основы решения концептуальных проблем инновационного развития  г. Алматы» (2012-2014 жж, 2014 жылға - 10,0 млн тенге, жетекшісі - академик Бейсенова Ә.С., Елтану кафедрасынан жауапты орындаушылар - Каймулдинова К., Бейкитова А.). Ғылыми жоба орындалу үстінде.

- Национальный проект Казахстана KAZ/5/003 «Увеличение содержания микроэлементов и их биодоступности в гермоплазме пшеницы на основе интегральных подходов» (Micronutrient Contentandbio availabilityin WeatGermoplasmby Meansofan Integrated Approach), 2012 -2015 финансируется Международным агентством по атомной энергетике (МАГАТЭ, IAEA. Вена, Австрия) как техническая помощь для повышения научного уровня специалистов и внедрения новых технологий с объемом финансирования 321453 Евро  ( по договору о сотрудничестве профессор Кенжебаева З.С.)

- «Создание и изучение мутантных линий пшеницы для идентификации их селекционно -ценных форм и новых аллелей генов, контролирующих ключевые адаптивные свойства» Проект выполняется по гранту Комитета Науки МОНРК  по договору  о сотрудничестве совместно с Казахским национальным университетом имени аль- Фараби. Объем финансирования проекта составляет 13 500 000. Сроки проведения проекта - 01.02.2012 -01.02.2014 (профессор Иманкулова С.К.)

- Кафедра меңгерушісі, профессор Балғынбеков Ш.А., профессор Кунакбаев А.С., аға оқытушы Нуркенов Т.Т. және оқытушы Отарова Н.И. «Қазақстанда артық дене салмағы мен семіздік эпидемиясының кешенді профилактикасы» тақырыбындағы ҚР БҒМ жобасының орындалуына қатысты.

Қазіргі таңда артық дене салмағы мен семіздік мәселелерінің өзектілігі аталған аурудың кең көлемде таралуымен анықталады, сонымен қатар артық дене салмағы мен семіздік түрлі аурулардың даму қаупінің себебі болып табылады. ДДҰ деректеріне сай планетамызда артық дене салмағы бар, яғни, ДСИ>25 (ДСИ = дене салмағы, кг/бой, м2) құрайтын адам саны - 1,7 млрд. Қазіргі кезде әлемде семіздіктің таралуының қарқындылығы соншалық, ДДҰ сарапшыларының болжамына сай бұл сандар 2025 жылға таман екі еселенбек. Семіздік - Қазақстан Республикасында да аса маңызды мәселелердің бірі. Әр 10 жыл сайын артық дене салмағы мен семіздіктің таралуы 10% өсіп отырады.

Бәрімізге белгілі, артық дене салмағы мен семіздік, салауатты тамақтану ережелерінің бұзылуына байланысты энергетикалық факторлардың өзгеруіне тәуелді зат алмасу процестерінің көрініс беруі. Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін салауатты тамақтанудың стратегиялық маңызы Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан -2030» Жолдауының «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты» атты төртінші, ұзақ мерзімге межеленген басымдылығында да атап көрсетілген.

Аталған жобаны жүзеге асыру барысында кафедра ұжымы түрлі тұрғындар тобының арасында артық дене салмағы мен семіздіктің таралуын анықтау бойынша зерттеу жүргізуге қатысты, бағытталған топтар: ЖОО-ң және колледждердің ПОҚ, мектеп мұғалімдері, студенттер мен оқушылар, медициналық қызметкерлер арасында оқу-білім беру семинарлары жүргізіліп отырды.

- Аға оқытушы, б.ғ.к. Ташенова Г.К.  «Физиологические механизмы регуляции деятельности соматических и висцеральных систем организма человека и животных» тақырыбындағы ҒТЖ бойынша ғылыми зерттеу орындады; Тапсырма 5: «Изучить механизмы иммунно-функциональных изменений системы мать-плацента-плод у беременных женщин с гипотиреозом, разработать рекомендации немедикаментозных методов коррекции здоровья матери и ребенка» ҚР БҒМ КН «Адам мен жануарлар физиологиясы институты» РММ-мен бірлесіп. Аталған жұмыс соңғы он жылдың ішіндегі ҚР әйелдердің репродуктивті денсаулығының төмендегенін және ана мен сәби өлімінің әлі де жоғары болғаныменен негізделген. Медициналық-әлеуметтік мәселелердің ішінде ең өзекті мәселелердің бірі қалқанша безінің патологиялары. Әйелдер денсаулығын жақсарту шаралары туралы жариялымдар жасау приоритеті болып табылады. Зерттеу өзектілігі негізінде қалқанша безінің дисфункциясы бар аналардан қалқанша безінің қызметі өзгерген нәрестелердің дүниеге келу жиілігімен анықталады (27%-50%) және туылған нәрестелердің әрі қарай дамуы барысында қатерлі зақымдануларға алып келеді (психоневрологиялық ауытқуларға, ақыл-есінің дұрыс дамымауы, психикалық дамудың тежелуі, жиі вирустық және микробтық қабыну ауруларына ұшырауы және т.б.). Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша аннотация және аралық есептер беріліп, 1 мақала жарияланып, 1 тезис пен 2 мақала басылымға берілді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының гранты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары:

- «Қазақстанның моноқалаларды дамытудың географиялық модельдеуді және функционалдық аймақтандыруды негіздеу» (жоба жетекшісі - Каймулдинова К., қаржыландыру көлемі 750000 теңге, жауапты орындаушы А.Н.Бейкитова). Ғылыми жоба орындалу үстінде.

- «Қазіргі ғылым мен білімнің негізгі бағытын жаңа инновациялық тұрғыда дамыту» (жоба жетекшісі - академик Бейсенова Ә.С., қаржыландыру көлемі 2 млн теңге, жауапты орындаушылар -  Каймулдинова К.Д., Искакова Р.Т.). Ғылыми жоба орындалу үстінде.

- «Эколого-биологические аспекты изучения уязвимых представителей фауны и флоры в биогеоценозах Иле-Балхашской котловины, как основа научного менеджмента  и сохранения популяции рекиз и изчезающих видов животных и растительно-почвенных комплексов с присуиствиес эндемичных и реликтовых представителей диких растений» (б.ғ.д., проф. Жатканбаев Ж.Ж. қаржыландыру көлемі- 1млн  500 мың тг).

- профессор Ахметов Н.К., доц. Нурахметова А.Р., аға оқыт. Сагимбаева А.Е., «Инновационные методы обучения на занятиях по химическому качественному анализу» тақырыбындағы жобасы. Орындалу мерзімі - 01.03.-31.12. 2014ж. 

         - профессор Шоқыбаев Ж.Ә.. , оқытушы Қаражанова Д.Ә. «Орта мектеп - ЖОО - да химияны оқытудың сабақтастығы негізінде инновациялық оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету» атты жоба. Келісім-шарт нөмірі №25.

- 2014 жылы кафедраның ПОҚ құрамы Абай атындағы ҚазҰПУ ректор атындағы гранттық жоба «Оптимизация двигательной активности студенток педагогического вуза в условиях инновационной учебной среды» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жүргізуде. Бұл гранттың жауапты орындаушысы проф. Балгимбеков Ш.А.,  аға оқытушы  Ташенова Г.К., магистр Отарова Н.И.

 

Оқушылардың ғылыми жұмысына жетекшілік ететін оқытушылар доценттер Абилмажинова С.А., Джангелдина Д.І., Бердыгулова Г.Е.

Доцент Д.І. Джангельдина Алматы қаласындағы №33 мектептің 8-сынып оқушылары Сәтпаева Амина  «Алматы облысы топонимиясының өлкетанудағы маңызы» тақырыбындағы ғылыми жұмысына жетекшілік жасап, Алматы қаласы бойынша ғылыми жобалар конкурсында 2-орынға ие болды.

Доцент С.Ә. Әбілмәжінова Алматы қаласындағы №159 гимназияның 9 Б сынып оқушысы Әмірбек Сабинаның «Шелек өңіріндегі минералды суларды емдік мақсатта пайдалану мүмкіндіктері» атты ғылыми жобасына жетекшілік етті.

Доцент Г.Е.Бердыгулова Алматы қаласы №12 Ш.Уәлиханов атындағы көп салалы гимназияның 10 Б сынып оқушысы Дербесов Даниярдың «Алматы қаласы қарқынды дамуының табиғи-географиялық жағдайлары» атты ғылыми жобасына жетекшілік етті.

Сонымен қатар, аға оқытушы, б.ғ.к. Ташенова Г.К.  № 81 орта мектептің 9 сынып оқушысы Избасарова Аселдің  «Атжалмандардың лактацияға психоэмоциялық стрестің әсері» атты ғылыми жобасына жетекшілік жасады. Ол жұмыс ХІІ қалалық «TURAN-JUNIOR-2014» конкурсында оқушылар арасындағы ең үздік ғылыми жұмыс ретінде 1 орынға ие болды. Ал, «Таза табиғи орта - Қазақстан - 2030 стратегиясының іске асырудың негізі» атты конкурста грамотамен марапатталды.

Б.ғ.д., профессор Тунгушбаева З.Б. «Жануарлар ағзасына экологиялық фактордың зиянды әсерлері» туралы мәселе бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл тақырыптың өзектілігі қоршаған ортаның жылдан жылға зиянды факторлармен ластануына байланысты және сол факторлардың жануарлар мен адам ағзаларына тигізетін әсері. № 159 мектептің 10 сынып оқушысы  Серікқазы Ақботаның «Экзотоксикоздың ағзаға әсері» атты ғылыми жобасына жетекшілік жасады. Ол жұмыс Алматы қаласының олимпиадасында 3 дәрежедегі дипломға ие болды. Ал, Халықаралық оқушылардың ғылыми жобасы конкурсында да 3 дәрежелі орынға ие болды. Ғылыми жобаның нәтижесі  бойынша 4 мақала жарияланды.

            Б.ғ.к., профессор Бабашев А.М. «Білім алушылардың психофизиологиялық жағдайын зерттеу» атты тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргізуде.  Бұл жұмыс бойынша студенттердің оқу уақыты барысындағы кардио-респираторлық аппараттарының қалыпты және әртүрлі стрестік жағдайлардағы мәліметтерін антропометриялық мәліметтермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Студенттерден алынған мәліметтер бойынша оқу барысында және сессия кезіндегі стрестік жағдайларда, олардың ағзаларының тұрақтылығы төмендейтінін көрсеткен. Студенттердің сессияға дейінгі және сессиядан кейінгі психофизиологиялық жағдайларын зерттеу барысында, біз жалпы психофизиологиялық жағдайдың қисық сызығын анықтадық. 

Б.ғ.к., доцент Татаринова Г.Ш. ғылыми-зерттеу жұмысын мынадай тақырыппен жалғастыруда: «Кардио-респираторлық күш түсу кезіндегі сенсо-моторлық реакциялар». Физиология ғылымының даму жолы барысында тыныс алуды реттеу мәселесіне аса мән берілген.  Ол негізінен үш бағытта зерттелген. Бұл мәселе қазіргі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Физикалық жүктеме кезіндегі әртүрлі респираторлық көрсеткіштерді анықтау тыныс алудың жасырын формасын ерте анықтауда мағанасы зор. Бұл тақырыптың өзектілігі, еңбек және спорт физиологиясы мен өкпе жетіспеушілігін анықтап, зерттеуден алынған мәліметтер бойынша  тыныс алу жетіспеушілігі дәрежесін моделдеу.

    М.ғ.к., профессор Кунакбаев А.С. Абай атындағы Қаз ҰПУ студенттері арасындағы зиянды әдеттермен күресу шаралары туралы бағытта зерттеулер жүргізуде. Темекі тарту, ішімдікті тұтыну және нашақорлық сияқты факторлардың таралу деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Зиянды әдеттер адамның іс-әрекеттерін жүзеге асыруға кедергі жасап, мүмкіндік бермейді. Зиянды әдеттер қатарына жататындар: жағымсыз сөздерді қолдану, салақтық және т.б. Зиянды әдеттердің ерекше тобына жататын және ауруға алып келетіндері: темекі тарту, ішімдікті тұтыну және нашақорлық. Әсіресе зиянды әдеттер жастар арасында кеңінен тараған. Бұл әдеттер адамның өмірін қысқартады және тіршілігін жоюға немесе ауруға шалдығуға алып келеді. Қазіргі кезде бұл мәселе шын мәнісінде глобальді.  Статистикалық мәліметтер бойынша жеке мемлекеттерде  зиянды әдеттердің кең масштабта таралуы политикалық және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығымен, көлемді кризиспен байланысты. Біздің мемлекетке келетін болсақ, бұл мәселенің өзекті болу ерекшелігі және таралуы, қоғамдағы мәдениеттіліктің кенже қалуымен байланысты. Бұл мәселенмен тек ғана қоғам күреспей, жеке адамдарда оған ат салысуы қажет. Содан кейін ғана, бұл мәселенің шешуі туралы сөз қозғауға болады.  Сондықтан да, бұл зерттеу ісі өзекті болып саналады.

Б.ғ.к., аға оқытушы Құлжанова Д.Қ. «Халықаралық байланыс бөлімдеріндегі қызметкерлердің жасына байланысты еңбектерін физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан бағалау» тақырыбындағы ғылыми зерттеулерін жалғастырды. ҒЗЖ тақырыбының өзектілігі айтарлықтай нервтік-эмоциялық күш, қозғыштық және нервтік-бұлшықет үрдісінің лабильдігіне алып келетін өндірістік ортаның қазіргі таңдағы жағдайында еңбек әрекетінің сипатына негізделген.

Институттың оқытушылары (проф. К.Д.Каймулдинова, С.А.Әбілмәжінова, Т.О.Уәлиев,  Д.Жангельдина, Ержігітова Д.С., Еркебеков А.К., проф. Джусупова Д.Б., доценттер Сабденалиева Г.М., Абдиманапов Б.Ш., Абулғазиев А.У.) үнемі оқытушылар арасында өтетін конкурстарда, олимпиадада  әділқазы болып жұмыс істеп келеді:

1.Сабденалиева Г.М. ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.  «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық конкурстың әділқазылардың тұрақты мүшесі.

2. Джусупова Д.Б. - фундаменталды тақырыптар бойынша ҚР БҒМ сарапшы комиссиясының мүшесі. Сондай-ақ, студенттердің ҒЗЖ бойынша республикалық комиссияның төрайымы. 

3. Абдиманапов Б.Ш.- ҚР БҒМ тарапынан болатын 4 курс студенттердің білім жетістіктерін бағалау (ВОУД-2013) үшін Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы пәндерінен тест тапсырмаларын дайындауға қатысады. Сонымен қатар, орта мектеп үшін типтік жұмыс бағдарламалары (Жаратылыстану, География - 6,11 классы) бойынша ҚР БҒМ сарапшысы.  

4. Абулғазиев А.У. - мектеп оқушылары республикалық олимпиаданың әділқазылар мүшесі және де ҚР БҒМ тарапынан болатын 4 курс студенттердің білім жетістіктерін бағалау (ВОУД-2013) үшін Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы пәндерінен тест тапсырмаларын дайындауға қатысады. Мейирманова А.А. - мектеп оқушыларының химия пәнінен республикалық олимпиаданың әділқазылар мүшесі

5.  Нурахметова А.Р., Мукатаева Ж.С. - ҚР БҒМ тарапынан болатын 4 курс студенттердің білім жетістіктерін бағалау (ВОУД-2013) Химиялық экология пәнінен тест тапсырмаларын дайындауға қатысты.

6. Қаражанова Д.Ә. - ҚР БҒМ тарапынан болатын 4 курс студенттердің білім жетістіктерін бағалау (ВОУД-2013) Бейорганикалық химияның теориялық негіздері және Элементтер химиясы пәндерінен тест тапсырмаларын дайындауға қатысты. Сонымен қатар ҚР БҒМ тарапынан мемлекеттік аттестацияға қатысты.

7. Мейрманова А.А. - ҚР БҒМ тарапынан болатын 4 курс студенттердің білім жетістіктерін бағалау (ВОУД-2013) Бейорганикалық химияның теориялық негіздері пәнінен тест тапсырмаларын дайындауға қатысты.

8. Сейтжанова А.Ф., Азимбаева Г.Т. - ҚР БҒМ тарапынан болатын 4 курс студенттердің білім жетістіктерін бағалау (ВОУД-2013) Органикалық химияның теориялық негіздері пәнінен тест тапсырмаларын дайындауға қатысты

 

6.  Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүрілуі

- доцент Омаров Қ.М.  жетекшілігімен мектеп оқушылары  арасында өтетін ғылыми-зерттеу жұмыстарында Алматы қаласы №161 лицейдің 10 сынып оқушысы Бауыржан Ернұрдың «Жетісу Алатауы туристік өлкетану нысандарының танымдық білімді қалыптастырудағы маңызы» атты ғылыми жобасына жетекшілік етіп, ғылыми жарыста 3-орын иеленді.

- доцент Омаров Қ.М.  жетекшілігімен мектеп оқушылары  арасында өтетін ғылыми-зерттеу жұмыстарында Алматы қаласы №161 лицейдің 11 сынып оқушысы Оразақова Айбала «Аборигендердің салт-дәстүрі мен мәдениеті» атты ғылыми жобасына жетекшілік етіп, ғылыми жарыста 3-орын иеленді.

- б.ғ.к., аға оқытушы Жантеева Г.Е. жетекшілігімен Оқушылар сарайының 30 жылдық мерейтойына арналған «Табиғат және балалар» атты қалалық ғылыми-практикалық конференциясында Алматы қаласы № 115  жалпы білім беретін мектеп 10 сынып оқушысы Жұмабаев Мараттың «Алматының экологиялық ахуалын жақсарту - маңызды мәселе» атты ғылыми-зерттеу жобасы орындалды (2013-14) және жүлделі 1-орынға ие болды.

- 5В060800-экология мамандығының 2 курс студенті Нағашбекова Ұлжан «Алтынемел» МҰТП ұйымдастырған «Парктер шеруі» акциясы бойынша өткен студенттердің өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына «Алтынемел МҰТП экотуризмді дамыту мүмкіндіктері» атты жобасымен қатысып, 3 орынды иеленді (жүлдесі фотоаппарат).

- проф. Джусупова Д.Б. жетекшілігімен 3 курс география-экология, орыс бөлімі студенттері  Исабаева П. Және Тойлыбаева М Республикалық магистранттардың және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына қатысып 3 орынға ие болды.

- доцент Абдиманапов Б.Ш. жетекшілігімен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсында 3 курс 5В011600 мамандығының студенті Ким Ирина 2 орын алды.

- аға оқытушы Абулғазиев А.У. жетекшілігімен 5В011600-География бөлімінің 4-курс студенті Өміралиева Майра «Қазақстанда жел энергиясы көздерін орналастыру жэәне дамыту географиясы» атты ғылыми жобасымен студенттер арасындағы республикалық ғылыми конференцияға қатынасып үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

- х.ғ.к., аға оқытушы Жаксибаева Ж.М. және оқытушы Манапов Н.Т. жетекшілігімен Химиядан студенттердің IV-ші Республикалық олимпиадасына  3 студент қатысты. 2014 ж. 24-25 сәуірінде Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті өткізген ЖОО студенттерінің 5В011200 -Химия мамандығы бойынша ІV Республикалық пәндік олимпиадасында 2 курс студенті Тойлебай А. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

- Ежегодный Республиканский конкурс НИРС по разделу «5В011200 - Химия». Диплом Министерства І степени - Турысбек М.Б., научные руководители - Ахметов Н.К., Нурахметова А.Р.

- Ежегодный Республиканский конкурс НИРС по разделу «5В011200 - Химия».Дипломы Министерства ІІ степени - Ахметова С.Н., научный руководитель - Жаксыбаев М.Ж.,  

- х.ғ.к., аға оқытушы Жақсибаева Ж.М. жетекшілігімен Сейдахметова Н. 4-курс, 5В060600 - химия, қазақ бөлімі, университеттік 68-студенттік ғылыми конференцияда I - орынға ие болды.

- х.ғ.к., аға оқытушы Сагимбаева А.Е. жетекшілігімен Айтжанқызы А. -5В011200-химия мамандығы 3 курс студенті, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің 70 жылдық мерейтойына орай, Д.И.Менделеевтің 180 жылдығына, Периодтық жүйенің 145 жылдығына арналған «ХИМИЯ: КЕШЕ, БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ» атты ғылыми-практикалық конференциясының II дәрежелі Дипломымен марапатталды.

- х.ғ.к., аға оқытушы Сагимбаева А.Е. жетекшілігімен Қыдырбай К. -5В011200-химия мамандығы 3 курс студенті, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің 70 жылдық мерейтойына орай, Д.И.Менделеевтің 180 жылдығына, Периодтық жүйенің 145 жылдығына арналған «ХИМИЯ: КЕШЕ, БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ» атты ғылыми-практикалық конференциясының IІI дәрежелі Дипломымен марапатталды.

- х.ғ.к., аға оқытушы Сагимбаева А.Е. жетекшілігімен Чакенов А. -5В060600-химия мамандығы 4 курс студенті, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттер мен магистранттардың жыл сайын өткізілетін ғылыми конференциясында III орынды иеленді.

 

     А) Кафедра ПОҚ ғылыми жобаларға қатысты:

          - профессор Бейсенова А.С. жетекшілігімен кафедрадан доц. Абдиманапов Б.Ш., доц. Сабденалиева Г.М., оқыт.Жандосова Г.О. «Эколого-географические основы решения концептуальных проблем инновационного развития г.Алматы» атты тақырыпта ҚР БҒМ  №23-к, 09.02.12 ж. Ғылым Комитеті төрағасының жарлығымен және гранттық қаржыландыру туралы Ұлттық Ғылыми Кеңестің №1 хаттама, 02.09.12 ж. шешімімен ғылыми-зерттеу жобасы орындалады. Жалпы қаржыландыру 3 жылға 30 000 000 тг. Орындалу мерзімі - 2012-2015жж. 

         - профессор Бейсенова А.С. жетекшілігімен кафедрадан доцент Сабденалиева Г.М., Жандосова Г.О.,Үздіксіз білім беру процесінде ұлттық дәстүр арқылы мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының дүние танымын кеңейтуде «Ұлттық экологиялық әліппе» атты тақырыпта университеттік ғылыми зерттеу жобасы орындалады. Жалпы қаржыландыру 1 000 000 тенге. (орындалу мерзімі сәуір-желтоқсан 2013 ж.). Абай ат.ҚазҰПУ қаржыландыруы.

         - профессор Джусупова Д.Б. «Создание биопрепаратов для очистки нефтезагрязненных почв Актюбинской области» атты тақырыпта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қолдауымен ғылыми-зерттеу жобасы орындалады. Жалпы қаржыландыру 2 000 000 тенге. (орындалу мерзімі - 2013-2014ж.);

-          ҚҰ БҒМ «Қазақстанда артық дене салмағы мен семіздік эпидемиясының кешенді профилактикасы» жобасы (проф. Балғынбеков Ш.А., проф. Кунакбаев А.С., аға оқ. Нуркенов Т.Т., магистр Отарова Н.И.). Жоба Қазақ тағамтану Академиясымен бірлесіп жасалуда. Қаржыландыру көлемі - 10000,0 мың тг.

- «Физиологические механизмы регуляции деятельности соматических и висцеральных систем организма человека и животных» ҒТЖ (б.ғ.к. Ташенова Г.К.). ҚР БҒМ адам мен жануарлар физиологиясы Институтының базасында орындалуда. Қаржыландыру көлемі - 60000,0 мың тг.

           - Абай атындағы ҚазҰПУ ректор атындағы гранттық жоба «Оптимизация двигательной активности студенток педагогического вуза в условиях инновационной учебной среды» тақырыбы бойынша (проф. Балгимбеков Ш.А.,  аға оқ. Ташенова Г.Г., магистр Отарова Н.И.). Қаржыландыру көлемі - 1000,0 мың тг.

Ә) Ғылыми-зерттеу бағытының жоспары бойынша кафедра ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстары: Институтта ҒЗЖ төмендегідей бағыттарда жүргізіледі:

1.      «Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігінің қазіргі жағдайы және зерттелу болашағы»

Тарау, тақырыпшалары (бастамалары)

1.1 Қазіргі жағдайда биологиялық жүйелердің қалыптасуының экологиялық жайы (профессор Иманкулова С.К.).

Биологиялық жүйе негізіне табиғи экожүйені (Шарын ұлттық саябағы және оның маңындағы жер телімдері) қарастырған. Бұл тәсілді ұсынған және мақұлдаған ҚР ресми түрде қабылданған барлық БҰҰ табиғатты қорғау конвенциясы, себебі табиғи биологиялық жүйелер жағдайына және қалыптасуына сараптама жасау мүмкіндігі бар.

Шарын ұлттық саябағының экологиялық жағдайы  мен жүйесі бұзылмаған және саябақтың маңындағы экологиялық жағдайы  мен жүйесі трансформацияға ұшыраған жер телімдерінде зерттеулер жүргізіліп, салыстырмалы сараптама жасалған. Топырақ пен өсімдіктер жамылғысы зерттеліп, жағдайлары анықталған. Бұл зерттеулер нәтижесінде аталмыш жерлердің жалпы экологиялық жағдайы мен оларға әсер ететін негізгі антропогендік факторлар анықталды. Зерттеу нәтижесі бойынша 2 мақала жарияланды және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама жасалды. Ғылыми жұмысқа студенттер қамтылды, Есімова Динара 4 курс студенті, мамандығы 5В011300 -Биология, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің студенттерінің ғылыми-практикалық конференциясына қатысып жүлделі І орын алды.

1.2  Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы өсімдіктер қорларының қазіргі жағдайы және оларды тепе-теңдікте пайдалану жолдары (б.ғ.д., қауымдастырылған профессор Айдарбаева Д.Қ.).

            Ғылыми зерттеу жұмыстары ҚР БжәнеҒМ, ҒК РМК «Ботаника және фитоинтродукция институтымен» тығыз байланыста жүргізіледі. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы өсімдіктер қорларының қазіргі жағдайын  зерттеу нәтижесінде, аталмыш аймақтың өсімдіктер жамылғысының құрамы, ресми мақұлданған дәрілік өсімдіктер мен олардың туысы және басқа да пайдалы өсімдіктердің таралуы мен қорлары анықталды. 40-қа жуық пайдалы (дәрілік, тағамдық, илік, мал-азықтық, эфирмайлы т.б.) өсімдіктердің қорлары анықталып,  оларды тиімді пайдалану жолдары жөнінде ұсыныстар жасалды.

Зерттеулер нәтижесі бойынша 7 мақала, 1 монография «Қазақстанның пайдалы өсімдіктері» жарияланды және 1 монография «Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы өсімдік қорлары» ғылыми бөлімге өткізілген. Зерттеулер нәтижесі жөнінде халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама жасалды. Ғылыми жұмысқа студенттер де қамтылды, 4 курс студенттері (Балкибаева Б., Отарбаева Ж., Жанатаев Б.), мамандықтары 5В011300 -Биология және  5В060700 -Биология, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің студенттерінің ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. 3 курс студенті Дүйсенова Күмісай  студенттердің  республикалық ғылыми зерттеу конкурсына (СҒЗЖ)  5В011300 - Биология мамандығы бойынша қатысып жүлделі ІІІ орын Министрліктің дипломымен марапатталды.  «TURAN-JUNIOR-2014» («Биология, экология» секциясы) мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына (Алимбек А. ІІ орын) ғылыми жетекшілік еткені үшін мақтау грамотасымен марапатталды.

1.3. Жайылма өсімдіктерінің биологиялық алуантүрлілігін зерттеу (проф. Шалабаев Қ.Ы.).

Биологиялық нысан ретінде Ертіс өзенінің жайылымында таралған Lotus corniculatus L.  өсімдігінің биологиясы мен экологиясы зерттелген.  Lotus corniculatus L.  көпжылдық шөптесін бұршақ өсімдігі. Алғаш рет бұл өсімдік Алматы және Павлодар облыстарының сулы жайылымдарында зерттелген. Бұл өсімдіктің биоэкологиялық ерекшеліктерін атасақ, оны мал-азықтық мақсатта пайдаланғанда малдар өте көп артық салмақ қоспайды және басқа бұршақ өсімдіктеріне қарағанда судың басуына төзімді. Зерттеу нәтижесі бойынша 2 мақала жарияланды.

            1.4 Кетпен тауының тағамдық өсімдіктерінің таралуы мен қорлары (доцент Мусаев Қ.Л.).

Зерттеу нәтижесінде Кетпен тауында таралған тағамдық өсімдіктердің түрлері және кейбіреулерінің қорлары анықталды. Тағамдық өсімдіктерді тиімді пайдалану жөнінде қсыныстар жасалды. Зерттеу нәтижесі бойынша 1 мақала жарияланды.

 

            2. «Мәдени өсімдіктердегі эксперименталды  мутагенез  және оның генетика-селекциядағы оқу жайы», төмендегі бірнеше тақырыпшалардан тұрады:

            2.1. Бидайдық радиоактивтік мутагенезі (проф. Мухаметжанов К.К., Джунусова Р.Ж.).

Зерттеу мақсаты радиоактивті сәулелермен әсер еткенде жаздық бидайдың мутагенезін және химиялық байланыстарын анықтау болып табылады. Зерттеу нәтижесі бойынша  мақалалар жарияланды және диплом жұмыстары жазылды.

 2.2. Интегралды әдістер нәтижесінде бидайдың термоплазмасында  микроэлементтердің құрамының артуы мен олардың биоқолайлығы ( проф. Кенжебаева З.С.).

Селекциялық материалдарды (жаздық және күздік бидай сорттары; Саратовская 29, Саратовская 36, Саратовская 42) пайдаланып тұзға төзімді хромосомдардың  идентификациясы жасалды және микроэлементтердің құрамы мен олардың биоқолайлығы анықталды. Хромосом идентификациясы үшін  анеуплоидты қатарлар пайдаланды, нәтижесінде  3А,  2В, 4Д хромосомалары бар формалары алынды. Зерттеу нәтижесі бойынша 1 мақала жарияланды.

  3. «Алматы облысының антропогендік ландшафтарының зооценоздары»  

      3.1. Алматы облысындағы биоценоздардағы  зооценоздардың қазіргі жағдайы және аурулардың алдын алу мақсатында ұсыныстар жасау (доцент Батырова К.И.,  аға оқытушылар: Жаксыбаев М.Б., Майматаева А.Д., Сексенова Д.У.). Алматы облысындағы жербеті мен су биоценоздарында паразитологиялық жағдайдың қазіргі жайын зерттеу.Зерттеу нәтижелері бойынша  мақалалар жарияланды және диплом жұмыстары жазылды.

  • ҒЗЖ өзектілігі, жаңалығы, ғылыми тақырыптардың қайталанбауы.

Кафедраның ҒЗЖ бағыты қазіргі кездегі биология ғылымдарының және биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен ұдайы дамыту Ұлттық стратегиясының  өзекті мәселелеріне сәйкес жүргізіледі. Жер шарында табиғи ресурстарды сақтау және оларды тиімді пайдалану бүгінгі таңда мемлекет аралық деңгейде аса маңызды мәселе. Климаттың өзгере бастауы табиғаттың және адам өмір сүріп отырған ортаның сақталуына қауіп тудыруда. Жалпы жылыну басқа экологиялық стресстермен және адамдардың іс-әрекеттерінің әсерімен қосылып экожүйелердің өзгеруіне, әсіресе шөлейтті аймақтарда тез  өзгерістер орын алады, біз білеміз Қазақстанның көп жерлерін осындай аймақтар алып жатыр.

Қазақстанның флорасы мен фаунасының алуан түрлілігі, олардың қорлары  мен тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар беру,  оларды сақтау мен тепе-теңдікте пайдаланудың ғылыми негізі. Бұл ұдайы пайдаланатын түрлерге антропогендік жүктемені азайтады және биоалуантүрлілікті болашақ ұрпақтар үшін сақтауда маңызды.

ü  Бейсенова А.С. «Қазақстан табиғатының географиялық және экологиялық зерттелуі»;

ü  Ахметов Е.А. «Экономикалық және әлеуметтік география мәселелері»;

ü  Джусупова Д.Б. «Экологические проблемы углеводородзагрязненых экосистем»;

ü  Абдиманапов Б.Ш. «Оценка природно-экологических рисков  - как условие обеспечения геоэкологической безопасности»;

ü  Сабденалиева Г.М. «Оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру»;

ü  Божбанов А. «Ірі қара қан сарысуынан А иммуноглобулинін алу тәсілі»

ü  Тастанова Б.Е. «Антропогенное влияние на экологическую обстановку Жамбылской области»; 

ü  Абулғазиев А.У. «Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аймақтар (Іле Алатауы ұлттық паркі)»;

ü  Иркитбаев С.Н. «Географияны оқытудың бастапқы курсын оқыту методикасы»;

ü  Калдыбаева Ж.Б. «Болашақ мұғалімдерге жаратылыстану-география пәндерін оқыту процесінде экологиялық білім берудің педагогикалық шарттары».

ü  Жандосова Г. «Ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасын көтерудегі кластертерлік жүйенің маңызы (жамбыл облысы мысалында)»;

ü  Құспанова А.Қ. «Атырау өңірі табиғатын тиіміді пайдалануының мониторингтік-экологиялық жүйесі».

5)Халықаралық, республикалық және қалалық конференцияларға қатысу туралы. (оқытушылар, магистрантар, студенттер және басқалар):

1. Сабденалиева Г.М. «Экспо-2017»-экологиялық проблемаларды шешудің бір жолы. «Экология, өлкетану және туризмнің географиялық проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Алматы қ., 12-13 мамыр, 2014 ж.

2. Сабденалиева Г.М. Адам экологиясы, оның демографиядағы алатын орны. «Экология, өлкетану және туризмнің географиялық проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Алматы қ., 12-13 мамыр, 2014 ж.

3. Бейсенова А.С. Қазақстан табиғатының зерттеудің өзекті мәселелері. «Экология, өлкетану және туризмнің географиялық проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Алматы қ., 12-13 мамыр, 2014 ж.

4. Бейсенова Ә.С. Алматының агромерация ретінде дамуының теориялық негіздері. «Экология, өлкетану және туризмнің географиялық проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Алматы қ., 12-13 мамыр, 2014 ж.

5. Бейсенова Ә.С. Маңғыстаудың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының экологиялық туризмді дамытудағы ролі. «Экология, өлкетану және туризмнің географиялық проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Алматы қ., 12-13 мамыр, 2014 ж.422 б.

6. Бейсенова Ә.С. Экологиялық мәселелердің туындауына Байқоңыр ғарыш айлағының тигізетін әсері. «Экология, өлкетану және туризмнің географиялық проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Алматы қ., 12-13 мамыр, 2014 ж. 422 б.

7. Бейсенова Ә.С. Анализ экологического состояния Актюбинской области. Экологиялық мәселелердің туындауына Байқоңыр ғарыш айлағының тигізетін әсері. «Экология, өлкетану және туризмнің географиялық проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Алматы қ., 12-13 мамыр, 2014 ж. 468б.

8. Бейсенова Ә.С. Қазақстанның туризм саласын кластерлік жүйеде дамытудың жолдары. Қазақстанның кластерлі-инновациялық даму жағдайында туристік және географиялық өлкетану: халықар. ғыл.-тәжіриб. конф. материалдар жинағы. -Алматы: Қыздар университеті баспасы, 2013.

9. Бейсенова Ә.С. Природные предпосылк