
Дизайн кафедрасы |
07.10.2025
Атамкулов Булат Акмолдаевич XII Республикалық шеберлер конкурсында жеңімпаз атанды
Дизайн кафедрасының оқытушысы Атамкулов Булат Акмолдаевич "Шебер 2025" XII Республикалық шеберлер конкурсының финалисі атанып, сонымен қатар "Мұрагер" номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.
Аталған конкурс – еліміздің түкпір-түкпірінен келген қолөнер шеберлерінің басын қосатын беделді байқау. Шараның басты мақсаты – ұлттық қолөнерді насихаттау, дәстүрлі өнерді сақтап, келер ұрпаққа жеткізетін шеберлерді қолдау.
"Мұрагер" номинациясы – ұлттық мұраларды сақтап, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға сүбелі үлес қосқан шеберлерге табысталады. Бұл марапат Атамқұлов Булаттың шығармашылық ізденісі мен кәсіби еңбегінің жоғары бағалануының айқын көрінісі. Ұжымымыз атынан әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|