қазақша · русский · english
 
 
 
05.11.2025


LaRiya сән брендінің негізін қалаушы Лария Джакамбаевамен кездесу өтті


Оқу орнымызда LaRiya сән үйінің негізін қалаушы, Милан қаласындағы беделді L`Istituto Marangoni (Milano) сән институтының түлегі Лария Джакамбаева мен шығармашылық кездесу өтті.


Кездесуге сән дизайны мамандығының студенттері мен оқытушылары қатысып, дизайнердің кәсіби тәжірибесі мен халықаралық сән индустриясындағы жолы туралы дәрісін зор қызығушылықпен тыңдады.


Іс-шара барысында Лария Джакамбаева өз брендін қалыптастырудағы тәжірибесімен, заманауи сән үрдістері мен шығармашылық ізденіс жолдары туралы құнды мәліметтерімен бөлісті. Кездесу сұхбат форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты кәсіби кеңестер алды.


Әсіресе, «Сән дизайны» мамандығының 5-курс студенттері сән коллекциясын әзірлеу, жеке брендті дамыту, халықаралық деңгейге шығу жолдары туралы терең сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алды.


Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға, шығармашылық көзқарасын кеңейтуге және сән саласындағы өз бағытын айқындауға үлкен мүмкіндік береді.

 


  alt=  

  alt=  

  alt=  




Кері оралу