қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2025

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» студенттерінің 14 ші халықаралық дизайнерлер конкурсы «New Generation. OPEN WAY 2025: «Мәдени код. Sporty casual» финалында қатысуы


2025 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында «New Generation. OPEN WAY 2025: Мәдени код. Sporty casual» атты 14 ші халықаралық дизайнерлер конкурсының финалы өтті. Бұл шара жас талантты дизайнерлерді біріктіріп, авторлық коллекцияларын көрсетуге, тәжірибе алмасуға және кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған платформа ұсынды.


Университетіміздің «6В02118 - Дизайн моды» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттері - Айым Ғалым және Наталия Соколова іс шараға белсенді қатысып, маңызды марапаттар мен мүмкіндіктерге ие болды. Атап айтқанда:
 Айым Ғалым (3 курс, «6В02118 - Дизайн моды») Лилия Рах ұсынған білімдік кездесуге және өнімді сатып алуға арналған сертификатқа ие болды.
 Лариса Азанова екі дизайнерге «Harper`s Bazaar» журналының фотоісториясында жариялану мүмкіндігін ұсынды, оның бірі - Айым Ғалым.
 Адиля Ботабаева Малайзиядағы Limkokwing University де оқуға арналған сертификаттарды бес финалистке табыс етті: олардың ішінде Айым Ғалым және Наталия Соколова (4 курс, «6В02118 - Дизайн моды») бар.
 Алексей Чжен алты финалистке «Kazakhstan Fashion Week» жазғы көрсетіліміне қатысу мүмкіндігін ұсынды - олардың ішінде Айым Ғалым бар.
 Елена Свечникова Zibroo тігін фабрикасымен келісімшартқа қол қою және сатудан бөлісу шартымен капсульдық киім желісін жасауға сертификатты Наталия Соколоваға табыстады.
Өнер факультет, Дизайн кафедрасының оқытушысы - Айыпканова Назым Айыпкановнаға студенттерімізді халықаралық деңгейге дайындағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз.

 

 

 

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Кері оралу