қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2025

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде креативті индустриялар бойынша Халықаралық форум өтті

 

2025 жылдың 17-19 қараша күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Креативті индустриялардағы жұмысшы мамандықтар: трансформация дәуіріндегі дизайн және полиграфия» атты Халықаралық форум өткізді.


Форумды ұйымдастыру Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен КМҚК «Принтмедиа технологиялар колледжі» базасында және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультеті Дизайн кафедрасы тарапынан жүзеге асырылды.
Шараға Испания, Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан және Қазақстанның жетекші университеттері мен колледждерінің өкілдері қатысты. Бағдарлама аясында ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, кәсіби шеберлік байқаулары және жасанды интеллектке арналған инновациялық жобалар конкурсы ұйымдастырылды.


Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар педагогикалық білім беруді жаңғырту, полиграфия саласына арналған мемлекеттік гранттарды көбейту, креативті индустриялардағы халықаралық әріптестікті күшейту және білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар қабылдады.


Форум креативті индустрия мамандарын даярлау саласындағы өзекті мәселелерді айқындап, жаңа буын кадрларын қалыптастыруда білім беру, өндіріс және мемлекеттік құрылымдардың бірлескен жұмысының маңызын көрсетті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу