қазақша · русский · english
 
 
 
01.04.2019

XI Республикалық пәндік олимпиада

 

2019 жылдың 26-29 наурызы аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жоғары оқу орындары арасында өткен XI Республикалық пәндік олимпиадаға «Дизайн» және «Графика» мамандықтарының 2-курс студенттері қатысты.

 

Олимпиада барысында «Графика» мамандығының студенттері «Композиция» пәні бойынша «Қала пейзажы» және «Шығыс мотивтері» тақырыптарына, ал «Дизайн» мамандығының студенттері «Қазақстан қалаларының шрифттік логотипі» тақырыбында тәжірибелік тапсырмалар орындады.

 

Олимпиада қортындысы бойынша «Графика» мамандығының 2-курс студенттері Әсет Қонысбаев ІІ-дәрежелі диплом (ІІ-орын), Инга Зубкова ІІІ-дәрежелі диплом (ІІІ-орын) және «Дизайн» мамандығының 2-курс студенті Камилла Рахматуллина ІІІ-дәрежелі диплом (ІІІ-орын), 5 студент қатысушы сертификатымен марапатталды.

 

Жетекшілері: «Дизайн» кафедрасының аға оқытушылары Мағауия Канленов, Светлана Киргизбекова, Ерлан Байкулаков.

 

   

 

   

 

   

 

  

 

 

 




Кері оралу