Құқықтану кафедрасы |
09.04.2018
«Қазақстан Республикасы құқық қорғау және сот органдарының реформасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2018 жылдың 7 сәуірінде Тарих және құқық институтының қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы базасында «Қазақстан Республикасы құқық қорғау және сот органдарының реформасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде профессорлық-оқытушы құрамы баяндамалар жасады: 1) Абай атындағы ҚазҰПУ «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Серғазы Құсаинов - «Жедел-іздестіру қызметтерінің субъектілері» ; 2) Абай атындағы ҚазҰПУ «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасы профессоры Бақытжан Аққасов - «ҚР Прокуратураның мәртебесі»; 3) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Серік Апенов - «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық істер бойынша адвокаттық қызметті жетілдірудегі халықаралық практиканың орны»; 4) Абай атындағы ҚазҰПУ «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Бақытжан Төлеубекова - «Қазақстан Республикасы сот жүйесінің заманауи даму тенденциясы»; 5) Абай атындағы ҚазҰПУ «Қылмыстық- құқықтар пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Гүлайна Османова - «Құқық қорғау органдары жүйесі: салыстырмалы құқықтық талдау (ҚР заңнамасы бойынша)». Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы құқық қорғау қызметін реформалаудың өзекті тұстары, оның жай-күйі мен жетілдіру болашағы қызу талқыланды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|