қазақша · русский · english
   
16.11.2018

Омар Жәлелұлының «Еңбек - Рух» дәрісі

 

2018 жылдың 14 қарашасында университетіміздің Жобалау кеңсесінің ұйымдастыруымен абайтанушы, «Қарекет» кітабының авторы Омар Жәлелұлымен белсенді студенттердің кездесуі өтті. Қара шаңыраққа ат басын бұрған Омар мырза ең әуелі ұстаздар қауымы туралы сөз қозғады. «Алты алаштың басы қосылса, ардақты орын ұстаздыкі» екенін алға тартып, ұстаздықтың қандай ауыр жол екендігін, бұл мамандықтың қандай қадірлі әрі жауапкершілігі мол екенін жиналған қауымға түсіндіре білді.

 

Құрметті қонағымыз болашақ ұстаз болар студенттерімізге өмірлік бағыт-бағдар сілтеп, білімгерлердің көптен көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді.

 

Сонымен қатар, қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелер, бала тәрбиесі, отбасы туралы ғибратты әңгіме айтты. Бір ерекшелігі, Омар Жәлелұлы Абай, Шәкәрім, Мәшһүрдің қанатты сөздерін, өлеңдерін өзінің әрбір сөзіне қосып, сөзін көркем ете берді.

 

Кездесу соңында сөз алғын университетіміздің «Абайтану» орталығының директоры Жабал Шойымбет 90 жылдық тарихы бар оқу орнының шақыртуын қабыл алып, жастармен кездесге келген Омар Жәлелұлына университет басшылығы тарапынан зор алғысын білдіріп, студенттермен естелік суретке түсті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу