Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | ![]()
29.01.2021
«Цифрлық іздер» семинары
2021 жылы 29 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының пост-докторанты Талғат Қилыбаев «Цифрлық іздер» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға кафедра оқытушылары, магистранттары, PhD докторанттар қатысты.
Онлайн-семинар барысында цифрлық кеңістікте әрбір адамның қалдыратын іздері және олардың күнделікті өмір сүруге әсері қарастырылды. Әлеуметтік желілер, ақпарат іздеу құралдары қаншалықты деңгейде адамның қандай да бір шешім қабылдауына ықпал ететіні талқыланды. Вебинарға қатысушы тараптан сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, онлайн-кездесу соңында қоғамды цифрлық бақылау мәселесі де көтеріліп, қызықты пікірлер айтылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|