Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | ![]()
02.05.2024
Демалыс пен білімді ұштастырған тур 2024 жылдың 1-2 мамыр күндері Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және Құқық институты дінтану-саясат мамандығынің бірінші курс студенттері еліміздің оңтүстік өңірлеріне ғылыми зерттеу турын өткізді. Студенттер тур барысында киелі орындарды, кесенелерді, тарихи орындарды аралап, тарихи жәдігерлермен танысты. Студенттер теориялық білімді тәжірибеде жүзеге асырып қана қоймай, сапар барысында Арыстан баб, Ахмет Яссауи, Айша бибі кесенелерін зерттеп, зерделеді. Жер астындағы жұмбақ мешіт - Ақмешітті зиярат етті. Үш облыстың шекарасынан асып өтіп, ғылым бастауы болған Фараб қалашығының орнына қарап, ой жүгіртті. Бір сөзбен айтқанда, білім алушылар университет байрағын киелі Түркістан қаласында желбіретіп, пайдалы зерттеу сапарын көңілді өткізіп келді. Кафедра эдвайзерлерінің алдағы жоспарында тарихи орындарға турларды ұйымдастыру тағы жоспарлануда.
Турға саясаттану және әлеуметтік пәндер кафедрасының аға эдвайзері - Жандос Уалихан жетекшілік етті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|