Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | ![]()
11.11.2024
«Өркениеттер сұхбаттастығындағы ұлттық құндылықтар» конференциясы
2024 жылдың 8 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы, ҚР Философтар конгресі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Мүтәліпов Жүсіп Мүтәліпұлының 75 жыл толуына арналған «Өркениеттер сұхбаттастығындағы ұлттық құндылықтар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияда заманауи жағдайлардағы өркениеттер сұхбаттастығы мәселелері қарастырылып, негізінен ұлттық құндылықтар бағытындағы мәдениеттанулық, әлеуметтік, философиялық және саясаттану мәселелеріне баса назар аударылды. Конференция жұмысына еліміздің белгілі ғалымдары - С.М. Сәбит, Т.Х. Ғабитов, Б.Т. Берлібаев, С.Е. Нұрмуратов қатысты. Конференция барысында мәдениеттанушы Жүсіп Мүтәліповтың ғылыми мұраларына талдаулар жасалады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|