Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | ![]()
25.11.2024
Дүниежүзілік философия күні: «Жаһандану үдерісіндегі Қазақстанның ғылымы мен білімінің рөлі (философиялық көзқарас)» 2024 жылдың 21 қарашасында Дүниежүзілік философия күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында профессор Кабаева Ж.А-ның ұйымдастыруымен "Жаһандану үдерісіндегі Қазақстанның ғылымы мен білімінің рөлі (философиялық көзқарас)" атты бесінші университетаралық студенттік конференция өтті.
Конференцияға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттерінен студенттер мен магистранттар қатысты.
Жүлделі орындар: I орын - С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті Бекетова Баян, 15 000 теңге. II орын - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Тоқмырза Мәнсия мен Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Бисенәлиқызы Еркеназ, 10 000 теңгеден жүлделі сыйлық табысталды. III орын - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенті Тусубекова Алина, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенті Тұрсынғазы Гина және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Бурамбаев Бақтияр, 5 000 теңгеден жүлде алды. Конференцияға қатысушылардың барлығына алғыс хаттар табысталып, іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|