Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | ![]()
10.12.2024
Ашық сабақ: Бақылау функциясы 2024 жылдың 7 қазанында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті саясаттану және әлеуметтік-философия пәндер кафедрасының оқытушысы, PhD докторы Нұрлан Орынбеков "Мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарды басқарудың қазіргі заманғы бағыттары" пәні бойынша «Cаясаттану» мамандығының 3-курс студенттеріне арналған ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Басқарудағы бақылау функциясы". Сабақта басқару саласындағы бақылаудың маңыздылығы, оның ұйымдардың тиімді жұмыс істеуіне тигізетін әсері және қазіргі заманғы тәсілдер талқыланды. Ашық сабаққа кафедра оқытушылары Ахметжанов Дастан, Ниязбеков Серік, Агибаев Али қатысты. Ашық сабақ студенттердің белсенді қатысуымен және мазмұнды пікірталастармен ерекшеленді. Теориялық білім мен практикалық мысалдар ұштасып, студенттердің тақырыпқа деген қызығушылығын арттыра түсті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|