қазақша · русский · english
 
 
 
17.12.2024

 «Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соққан жүрегім!» мерекелік іс-шарасы  


2024 жылдың 13 желтоқсанында Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты мерекелік іс-шара (патриоттық әндер кеші) өткізілді.

 

Іс-шараны Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасы  ұйымдастырды. 

 

Іс - шараның өткізілу мақсаты: Студенттік жастардың Ұлттық сана сезімінің жоғары деңгейін қалыптастыру, оның ұлттық құндылықтары мен құндылық бағдарларын саналы түрде қабылдау, сондай-ақ студент жастар арасында этносаралық толеранттылықты, қоғамдық келісімді және өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылады.

 

Іс-шараға Алматы қаласы республикалық Достық үйі «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Алтекова Нұрсауле, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Ергөбек Шыңғыс, философия ғылымдарының докторы, профессор Алимжанова Алия, Қазақстандық философиялық конгресі төрағасының орынбасары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Ғабитов Тұрсын, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Симтиков Жомарт қатысып, әртүрлі тақырыптардағы пікірлерімен бөлісті.

 

  alt=  




Кері оралу