Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | ![]()
18.12.2024
«Бір шаңырақ астында» мерекелік іс-шарасы 2024 жылдың 14 желтоқсанында Тарих және құқық факультеті академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы және саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы жанындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастырумен мерекелік іс-шара өтті. Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараға университеттің академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Мұратқазин Мұхтар, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Ермұқанов Еркін, профессор, тарих ғылымдарының докторы Халидуллин Ғизат қатысты.
Мерекелік іс-шарада студенттік «Dostyk Live» ассамблеясының мүшелері, Филология факультетінің студенттері белсенді түрде қатысып, көпшілікті ана тілдерінде құттықтап, өзге ұлт өкілдерінің өнерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Осы мерекелік іс-шараға байланысты өткізілген «Тәуелсіздік - мәңгілік тұғырым» тақырыбында эссе конкурсының нәтижесі жарияланып, университет ректороның атынан мадақтамамен марапатталды.
Іс-шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығы қонақтарға алғыс айтып, мерекемен құттықтап, еңбектеріне мол табыс тіледі.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|