Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | ![]()
17.01.2025
"Адам. Ғалым. Педагог " философия ғылымдарының докторы, профессор Аюпов Нығмет Глаждынұлының 70 жылдығына арналған халықаралық конференциясы 2025 жылдың 17 қаңтарында Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Білім және жоғары білім министрлігі мен «Республикалық ұйғырлар қоғамдастығы» ұйымдастырған халықаралық конференциясы өтті. Конференция философия ғылымдарының докторы, профессор, тәңіршілдік ілімін алғаш зерттеушілердің бірі Аюпов Нығмет Глаждынұлының 70-жылдығына арналды. Конференция алғысөзін философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сәбит ашты. Жақын және алыс шетелден келген ғалымдар Тәңіршілдік ілімі және оның адам өміріндегі маңызы жөніндегі ғылыми-танымдық пікірлерімен бөлісті.
Конференцияда саясаттану және әлеуметтік-гуманитарлық пәндеркафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Құдайбергенұлы Симтиков, «Республикалық ұйғырлар қауымдастығы» орталығының жетекшісі Акимжан Арупов, Тәңірі Халықаралық қорының басқарма мүшесінің Безертинов Рафаель, Тенгри халықаралық зерттеу орталығының директоры Лена Федорова, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтаев Жакыпбек Алтаевич, философия ғылымдарының докторы, профессор Сейдахметова Наталья Львовна баяндама оқыды.
Конференцияға қатысушылар Тәңіршілдік ілімі және оның түркі өміріндегі маңызы туралы қызықты мәліметтер алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|