Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | ![]()
27.01.2025
Қазақстандық маман Болгар Ислам академиясында дәріс өткізді
24 қаңтарда Болгария Ислам академиясының магистранттары үшін "Зайырлылық Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың негізі ретінде" тақырыбында семинар өтті. Дәріскер ретінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарих және құқық факультетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы Дін Істері Басқармасының экстемизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Бақытжан Сапаров сөз сөйледі. Академия студенттері Қазақстан Республикасында қанша діни бірлестіктер мен құрылыстар тіркелгенін біле алды, сондай-ақ өз қызметін қолданыстағы заңнама және діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң шеңберінде жүргізетін мұсылман дінбасылары жұмысының ерекшеліктерімен танысты. Лектордың Қазақстанда миссионерлік қызметті жүзеге асырудың қыр-сыры туралы әңгімесі ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, Бақытжан Сапаров Алматы қаласы Дін Істері Басқармасының экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы жүзеге асыратын Қазақстанда алдын алу іс-шараларын өткізу тәжірибесімен бөлісті. Дәріскер Қазақстан азаматтарын Сириядағы жауынгерлік іс-қимыл аймағынан қайтару жөніндегі "Жусан" операциясы туралы айтып берді. Айта кету керек, бұл бүкіл ТМД үшін бірегей тәжірибе болды. Операция аясында Бақытжан Сапаров атап өткендей, ерлер, әйелдер мен балаларды қосқанда 600-ге жуық адам қайтарылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|