Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | ![]()
21.02.2025
Түркі әлемі және қазіргі заман 2025 жылдың 20 ақпанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кинозалында «Ғылым апталығының» ашылуына байланысты «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасымен бірлесе отырып Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасы «Түркі әлемі және қазіргі заман» тақырыбы бойынша Алматы қаласының ЖОО студенттері мен магистранттарының және Түрік халықтары Философиялық қоғамының тең төрағасы, Қазақстан философиялық конгресінің төраға орынбасары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының профессоры, филос.ғ.д., мәдениеттану профессоры Тұрсын Ғабитовтың қатысуымен ғылыми семинар өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыруға «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Божбанбаев және кафедраның докторанты Мағжан Муратбеков ат салысты. Іс- шараға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Халықов Қабыл Заманбекұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының профессоры, филос.ғ.д., мәдениеттану профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизұлы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі филос.ғ.к., профессор Алимжанова Алия Шарабековна, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің, Каспий қоғамдық университетнің студенттері, магистранттары және доктранттары қатысты.
Іс-шара барысында студенттермен магистранттар Түркі елдерінің театр өнеріндегі өзара ықпалдастығы, Түрік философиясы антологиясы, Тюркский мир и современность, Түркі тілдес халықтардың білім беру саласындағы ынтымақтастығы: Қазақстан мен Түркия тәжірибесі, Қазақ, және Түркі әдебиетіндегі ортақ образдар. Түркітілдес мемлекеттердің кино саласындағы мәдени сабақтастығы тақырыптары бойынща семинарға қатысушылар баяндама жасады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|