қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2025

Саяси жанжал барысындағы келіссөздер

 

2025 жылдың 27 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD Нұрлан Орынбеков «Саяси жанжал барысындағы келіссөздер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

Ашық сабақ барысында студенттер арасында Хантингтон идеясының негізгі тұжырымдамасы, экономикалық-әлеуметтік, мәдени-тарихи және өркениеттердегі айырмашылықтар, ұқсастықтар және болашақта болуы мүмкін 5 қақтығыс туралы пікірталас орнатылды.

 

Ашық сабаққа саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Жомарт Симтиков, аға оқытушы Асан Сулейменов, оқытушы Дастан Ахметжанов, аға оқытушы Әлден Нұрақынов сынды профессор-оқытушылар қатысты. Сабақ студенттердің саяси конфликтология пәніне деген қызығушылығын тудырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу