қазақша · русский · english
 
 
 
14.03.2025

Өркениеттер қақтығысы: әлемдік саясаттағы өркениеттік фактордың рөлі

 

2025 жылы 13 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында «Руханият бастауы» клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында пікірталас өтті.

 

Іс-шараның негізгі тақырыбы Сэмюэл Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» еңбегіне негізделді. Талқылау барысында әлемдік саясаттағы өркениеттік фактордың рөлі жан-жақты қарастырылды. Студенттер әртүрлі пікірлерімен ой бөлісіп, мәдениет пен діннің мемлекетаралық қатынастарға ықпалын талдады. Іс-шараның арнайы қонақтары ретінде ф.ғ.д., профессор Дауренбек Құсайынов және кафедра оқытушысы Даурен Аманкелді қатысты.

 

Өзекті тақырыптағы пікірталасты ұйымдастырған - кафедраның аға оқытушысы, PhD доктор Нұрлан Орынбеков. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытуға және әлемдік саясатты тереңірек түсінуге ықпал етті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу