Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | ![]()
26.03.2025
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында Наурыз тойы тойланды 2025 жылдың 20 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы студенттермен бірге Наурыз мерекесін атап өтті.
«Тарихшылар ауылы» деп аталатын атаумен белгіленген киіз үй ұлттық нақышта безендіріліп, көрерменнің қызығушылығын тудырды. «Тарихшылар ауылына» Абай университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп бастаған әкімшілік қызметкерлері келіп, думанды тойдың куәсі болды. Басшылық жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, тілектерін білдірді. Студенттер мен оқытушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрерменді тәнті етті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|