қазақша · русский · english
 
 
 
01.04.2025

Абай университетінің оқытушысы Өзбекстанда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасады 


2025 жылғы 28-29 наурызда Ташкент қаласында (Өзбекстан) «Жоғары білім беруді ұйымдастырудағы әлемдік тәжірибе: трансформация және инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Ренессанс білім беру университеті ұйымдастырды.


Конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының PhD докторы Бахытжан Сапаров қатысып қайтты.


Конференция барысында Бахытжан Сапаров «Қазақстанда талапкерлерді қабылдау ерекшеліктері және жас мамандарды жұмысқа орналастыру (педагогикалық мамандықтар мысалында)» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарына түсу жүйесі, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері және оларды шешу жолдары туралы маңызды аспектілерді қарастырды. Баяндама конференция қатысушылары арасында қызу талқылау тудырды.


Конференция әртүрлі елдер өкілдері арасында тәжірибе алмасуға және ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу