Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | ![]()
10.04.2025
Абай атындағы ҚазҰПУ «Ғылым апталығы» аясындағы «Әділетті қоғаммен жарқын болашаққа» дөңгелек үстелі 2025 жылдың 9 сәуірінде Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы «Ғылым декадасы» аясында «Әділетті қоғаммен жарқын болашаққа» тақырыбында республикалық дөңгелек үстелін өткізді. Дөңгелек үстелдің сөз бастуын кафедра меңгерушісі саяси ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Құдайбергенұлы Симтиков ашты. Жаңа Қазақстанның алға қойған саяси-әлеуметтік реформасы жөнінде кафедра профессоры, философия ғылымдарының докторы Дәуренбек Өмірбекұлы Құсайынов сөз алды.
Қазақстандық белгілі саясаткер, саяси ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры Дулатбек Балғабекұлы Қыдырбекұлы өзінің әлемдік саяси үрдістер жөніндегі кәсіби көзқарастарымен аудиториямен бөлісті. Қазақстан үкіметі жемқорлықпен күресу тәсілдерін өзгерте отырып, нәтижелі жұмыстар жасау маңыздылығына баса назар аударды.
Тәуелсіздікдің ұлттың сақталып қалуындағы маңыздылығы жөніндегі әлеуметтік-мәдени көзқарастарымен философия ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Омаров Сакен Алмағамбетұлы баяндама оқыды.
Әділеттілік мәселесін қарастырғанда Абай философиясына назар аударудың маңыздылығы жөніндегі баяндамасын кафедра магистрі Мейірманов Аманжол Досжанұлы көпшілікке ұсынды.
Әділеттіліктің діни санадағы маңыздылығы жөніндегі тың идеяларымен магистр Сүлейменов Асан Мұханбетұлы уақыт концепциясымен маңыздылық табатыны жөніндегі идеяны алға қойды.
Дөңгелек үстелге кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары және оқытушы-профессорлар құрамы қатысып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын білдірді.
Іс-шараны ұйымдастырушы кафедра аға оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты Даулбаев Тимур Файзиевичке ерекше ғылыми-танымдық орта орнатқаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|