қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2025

Абай университетінің студенттері Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орынға ие болды


2025 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы «6B03103 - Әлеуметтану» мамандығының 3 курс студенттері - Нұрайым Карабалина, Русиям Маликова және Нұржан Мәлік XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жүлделі III орынды жеңіп алып, дипломмен марапатталды.


Олимпиада барысында студенттер әлеуметтану саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді.


Топтың ғылыми жетекшісі - аға оқытушы, PhD доктор Нұрлан Орынбеков.


Университет ұжымы жүлдегерлерді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми ізденістеріне сәттілік тілейді!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу