қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2025

Дінтану-саясаттану мамандығы студенттерінің танымдық тәжірибесі: синагогаға сапар


2025 жылғы 26 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы «Дінтану-саясаттану» мамандығының 1 курс студенттері танымдық мақсатта Алматы қаласындағы синагогаға барып қайтты.


Іс-шараның басты мақсаты - діндер арасындағы өзара түсіністік пен толеранттылықты нығайту, сондай-ақ студенттердің иудаизм діні туралы теориялық білімдерін практикамен ұштастыру болды.


Сапар барысында студенттер синагоганың ішкі құрылымымен танысып, раввинмен кездесті. Кездесу кезінде олар иудаизм дінінің тарихы, негізгі қағидалары мен діни дәстүрлері жөнінде маңызды сұрақтар қойып, мазмұнды әрі құнды жауаптар алды. Аталған іс-шараны саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Нұрлан Орынбеков ұйымдастырды.

 

  alt=  


  alt=  




Кері оралу