қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2025

Көркем мәдениет - адамзаттың ең құнды рухани байлығы


2025 жылғы 25 сәуірде саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушысы Қапаш Қашақбаеваның жетекшілігімен Тарих және құқық факультеті «6В03102-Мәдениеттану» мамандығының 2 курс қазақ бөлімі студенттері Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайына барды.

 

Мұражайға саяхаттың басты мақсаты - «Ежелгі Орта Азия және Қазақстан мәдениеті» тақырыбындағы тәжірибелік сабақ ретінде студенттерді Мемлекеттік өнер мұражайының көркем өнерлері деректерімен таныстыру.

 

Мұражайдың көркем өнерлері шығармаларымен танысу барысында студенттер мұражай тарихына терең үңілді. Мұражайдағы экспонаттар арқылы мәдени мұраларды, ұлттың рухани өнер туындыларын, тарихын сақтау және байыту мәселелерінің маңызын түсініп қайтты.

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу