қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2025

Кәсіптік бағдар – болашаққа бағыт


2025 жылдың 24 сәуірінде Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Дастан Ахметжанов Алматы қаласы, Наурызбай ауданына қарасты №206 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушыларымен және ұстаздарымен ресми кездесу өткізді.


Кездесу барысында түлектерге мамандықты дұрыс таңдау бойынша кеңестер мен ұсыныстар беріліп, жадынамалар таратылды. Сонымен қатар педагогикалық мамандықтардың маңыздылығы, білім саласындағы заманауи трендтер жайлы кеңінен ақпарат берілді. Мектеп оқушыларының назарына Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер кафедрасы туралы презентация, веб-сайт туралы ақпарат, талапкерлерді қабылдау ережелері ұсынылды, оқушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.


Бұл кездесу мектеп бітірушілердің болашақ мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына ықпал ететін маңызды баспалдақ болды.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  




Кері оралу