қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2025

Абай университетінің оқытушысы оқушыларға кәсіптік бағдар бойынша кеңестер берді

 

2025 жылдың 28 сәуірінде Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Асан Сулейменов Алматы обласы Қаскелең ауданы Кемертоған орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен ресми кездесу өткізді.


Кездесу барысында мектеп оқушылармен мамандықты дұрыс таңдау бойынша кеңес жүргізді. Мектеп түлектері назарына Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының мамандықтары туралы таныстырылды.


Кафедра мамандықтары жайындағы буклеттер мен презентациялар, веб-сайт туралы ақпараттар бере отырып, абитуриенттерді қабылдау ережелері ұсынылды. Бұл мектеп бітірушілердің алдағы уақытта мамандық таңдауға саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері өздерін қызықтырған сұрақтарға тиісті жауаптарын алды.

 

  alt=  





Кері оралу