қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2025

Зайырлы қоғам және рухани қауіпсіздік: Жастармен ашық сұхбат


2025 жылғы 16 мамырда Abai University Тарих және құқық факультетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Нұрлан Орынбеков Алматы қаласындағы №14 кітапхананың оқырмандарына арнайы шақыртумен «Зайырлы Қазақстан және толеранттылық. Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында танымдық-тәрбиелік кездесу өткізді. Іс-шара барысында Қазақстандағы зайырлылық ұғымына, қазақ халқының дәстүрі мен құндылықтық бағдарларына ерекше назар аударылды. Өткен және қазіргі отбасылық құндылықтарға нақты мысалдар келтіріліп, ұлтжандылық, отаншылдық және салт-дәстүрді құрметтеу қажеттілігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, экстремистік идеяларды таратуға байланысты заң алдындағы жауапкершілік мәселесі де қозғалды. Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан зор қызығушылықпен тыңдалды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына нақты әрі толық жауап алды. Бұл іс-шара жастар үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие болды. 

 

  alt=  


  alt=  





Кері оралу