Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
15.11.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай
2021 жылдың 12 қарашасында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңына арналған іс-шара өтті. Осы мерекелік кездесуде 2 -курс магистранттарының педагогикалық тәжірибесі аяқталды.
Тақырыптық кештің қонақтары - 100 -ден астам бірінші курс студенттері. Олар еліміздің 30 жылдық тарихы туралы интерактивті әңгімеге қатысып, қызықты бейнекөрсетілімдерді тамашалады, танымдық викториналық жарысқа белсенді қатысты. Магистрант Зульфира Ниязова мен оның шәкірттері дайындаған Отан туралы поэтикалық шығармалар мен ұлттық би кештің көркін қыздыра түсті.
Кездесуді қорытындылай келе, кафедра оқытушылары барлық қатысушыларға өз елінің нағыз патриоты болуға және өскелең ұрпақтың игілігі үшін еңбек етуге тілек білдірді, өйткені мұғалім мамандығы - ең маңыздысы!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|