Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
26.11.2021
Батырлар туралы естелік жүректе тұрады
2021 жылдың 25 қарашасында Филология және көптілді білім беру институты «6В01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 103 топ студенттері эдвайзер, оқытушы Ақмарал Омарованың жетекшілігімен Батыр-панфиловшылардың 80-жылдығына арналған іс-шара өткізді. Оқушылар 1941 жылғы батырлық оқиғалардың негізгі фактілері көрсетілген презентация дайындады. Студенттер «Жиырма сегіз», «Дубосеково», «Мені күт» өлеңдерін оқыды. Бастамашыл топ гвардияшы-панфиловшылардың ерлігінің тарихи фактілерін объективті түрде көрсететін деректі фильм көрсетті.
Кездесуге қатарлас топтардың студенттері, оқытушылар, сондай-ақ Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева, профессор Гүлмира Қажығалиева 103-топ балаларының дайындық деңгейін жоғары бағалап, студенттерге, болашақ филологтарға өз Отанының тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын шығармашыл болып қала берулерін тіледі.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|