қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2022

Студенттер, магистранттар мен докторанттардың ғылыми конференциясы


2022 жылдың 16 қарашасында Абай университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасында ф.ғ.д., проф. Л.В. Сафронованың жетекшілігімен студенттердің, магистранттардың және докторанттардың 77-ші ғылыми конференциясының «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» секциясы өтті.


Конференцияда «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс докторанты Молдағали Мадина, 2 курс докторанты Кириенко Анастасия, 1 курс докторанты Атембаева Гүлнар, «Филология» мамандығының 2 курс магистранты Абдулова Мәншүк, «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс магистранттары Амандаулетова Гүлшат пен Қапашова Аружан, «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс магистранты Суманиева Солмаз қызықты әрі мазмұнды баяндамалар жасады. Кафедра ғалымдары зерттелген мәселелердің тереңдігін, баяндамашылардың зерттеу жүргізудегі дербестігін және ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін атап өтті. Баяндамашылар конференцияға қатысқан кафедраның профессор-оқытушылар құрамы тарапынан қызықты сұрақтар мен құнды ұсыныстар алды.

 




Кері оралу