Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
09.09.2024
Абай университетінің оқытушысы халықаралық конференцияда баяндама жасады Филология факультеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Л.В. Сафронова Эстониядағы «Tartu Summer School of Semiotics Summer School 2024/ 14 Annual lotman days» аясында Тартус және Таллин университеттері бірлесіп ұйымдастырған «Learning in Transformation» халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, «Психоанализ в литературе и литературоведении» («Әдебиет пен әдебиеттанудағы психоанализ») тақырыбында баяндама жасады.
Конференция барысында Эстония университеттерінің Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірлескен қос дипломды бағдарламалар, бірлескен ғылыми орталықтар мен зертханалар құру, Эразмус бойынша оқытушылар мен білім алушылармен алмасу бағдарламалары, Эстония профессорларын дәріс курстарымен және докторанттардың шетелдік қос жетекшілері ретінде шақыру бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері белсенді талқыланды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|