Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
31.10.2024
Герольд Бельгердің 90 жылдығына арналған іс-шара 2024 жылдың 29 қазанында Алматы қаласының Неміс үйінде «Герольд Бельгердің шығармашылығы әлемдік әдеби контексте» тақырыбында Бельгер оқулары өтті. Бельгер оқулары офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды. Іс-шара Герольд Бельгердің 90 жылдығына арналып ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Жанарка Ибраева баяндама жасады. Ол Герольд Бельгердің тілдер туралы терең білімін, көптілді жазушы ретіндегі бірегейлігін, сондай-ақ таңғажайып шығармаларды жазудағы шеберлігін атап өтті. Жанарка Ибраеваның айтуынша, еуразияшылдық идеясына енген Бельгер шығармашылығының басты ерекшелігі - нәзік тілдік сезім және көркем материалды әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлерімен байланыстыру қабілеті. Сондай-ақ жазушы өз шығармаларында әр түрлі тілдерде дәйексөздер, афоризмдер мен фразеологизмдерді жиі қолданған. Бұл оның шығармаларына жан-жақтылық пен тереңдік берген.
Сонымен қатар Герольд Бельгердің шығармалары бойынша зерттеу жүргізген «Филология» ммамандығының 1 курс магистранты Диана Каримова өз баяндамасын тыңдаушыларға ұсынды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|