Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
28.11.2024
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы студенттерінің 79-шы ғылыми конференциясы Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында студенттердің, магистранттар мен докторанттардың 79-шы ғылыми конференциясы өткізілді. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Конференция екі форматта: офлайн және онлайн ұйымдастырылды.
Конференция барысы 5 секцияға бөлініп, қаралды: 1. «Тіл білімінің өзекті мәселелері»; 2. «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері»; 3. «Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің мәселелері»; 4. «Кәсіби-арнайы қызмет саласындағы орыс тілі»; 5. «Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» (магистратура, докторантура).
Әр секцияда тақырыптардың кең спектрін қамтитын 15-ке жуық баяндама тыңдалды. Конференцияға орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері ғана емес, орыс тілі курсы оқытушыларының жетекшілігімен оқитын басқа мамандықтардың өкілдері де қатысты.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бірінші орын алған қатысушылар өз зерттеулерін республикалық ғылыми жұмыстар конкурсына ұсынуға мүмкіндік алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|