Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | ![]()
27.12.2024
Абай университетінің оқытушысы Карлов университетінде (Прага, Чехия) 2024 жылдың 14-20 желтоқсаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, PhD докторы Д.А.Сабирова «Тұлғалар мен тағдырлар тарихы: Абай университетінің көрнекті филологтары» халықаралық жобасы аясында Карлов университетіне (Прага, Чехия) жұмыс сапарымен барды. Бұл жоба Абай университетінің көрнекті филолог-ғалымдары жайлы есте сақтауға және олардың ғылыми мұраларын әлемдік академиялық қоғамдастықта насихаттауға бағытталған.
Сапар барысында Д.А.Сабирова Еуропадағы ең көне университеттердің ғылыми және білім беру дәстүрлерімен танысып қана қоймай, филолог-әріптестерімен кездесулер өткізді, бірлескен зерттеулердің перспективаларын талқылауға қатысты, сондай-ақ отандық филология ғылымының жетістіктерін ұсынды.
Карлов университетінің академиялық және мәдени атмосферасына ену - халықаралық ғалымдармен тәжірибе алмасуға, зерттеу үшін жаңа идеялар алуға және бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін талқылауға оң ықпалын тигізбек. Бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайту және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ғылыми әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|